www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.02.2020
Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

 

11 ақпанда қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.  

2019 жылы Шахтинск қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының нысаналы индикаторларына (жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек саласындағы) қол жеткізу және орындау туралы ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Меллятова және Жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Сыдықова баяндады.

Саланың басым бағыттары 3 нысаналы индикаторларға қол жеткізу, мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 13 мемлекеттік қызметті көрсету, мемлекеттік органның 5 қызметі мен  5 іске асыру бағыты болып табылады.

2019 жыл қорытындысы бойынша «жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлес салмағы» нысаналы индикаторға қол жеткізілді (АӘК еңбекке жарамды алушылар – 360 адам, белсенді шараларға – 91 адам тартылды) 2019 жылы 233 отбасына (1199 адам) жалпы сомасы 119 млн. теңгеден астам сомаға төлем жасалды.

«Мүгедектердің кедергісіз қолжетімділігі үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құруды қамтамасыз ету» нысаналы индикаторға қол жеткізу бойынша - паспортталған 39 нысанның ішінде мүгедектер үшін қолжетімділіктің интерактивті картасының деректеріне сәйкес әлеуметтік инфрақұрылымның 39 нысаны ішінара бейімделді.

«Құрылған жұмыс орындарының саны, оның ішінде тұрақты» нысаналы индикаторға қол жеткізу бойынша - мемлекеттік бағдарламаларды және жеке бастамаларды жүзеге асыру шеңберінде Шахтинск қаласы бойынша 2019 жыл қорытындысы бойынша 497 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 142тұрақты жұмыс орны ашылды.

Бұдан әрі тұрақты жұмыс орындарын ашу  мәселесін шешу үшін жүргізілуі қажет іс-шаралар атап өтілді. Олардың ішінде: шағын және орта бизнесті дамыту үшін Шахтинск өңіріне инвестиция тарту, серіктестік қатынастарды дамыту жолымен жұмыс істеп тұрған өндірістерді ашу және кеңейту; өңіраралық байланыстарды жолға қою, дайын өнімді сатуға көмек көрсету.

Бөлім мемлекеттік қызметтің 13 түрін көрсетеді. 2019 жылы барлығы 1171 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оңын ішінде мемлекеттік мекемемен 190 мемлекеттік қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ 981 мемлекеттік қызмет.  Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді қарау мерзімдерін бұзу деректері анықталған жоқ.

Г. Сыдықованың ақпараты бойынша 2019 жылы жұмысқа орналасуға 1451 адам өтініш білдірген.  Жұмыссыз азаматтарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу бойынша қарқынды шаралар көрсетілді:

  • Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру- 163 адам жіберілді, оның ішінде 5 мүмкіндігі шектеулі адам және 9 адам атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
  • Әлеуметтік жұмыс орындары – 61 адам жіберілді, оның ішінде 2 адам мүмкіндігі шектеулі және 6 адам АӘК алатын отбасы;
  • Жастар тәжірибесіне – 67 адам жастар арасынан және 2 адам атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан жіберілді;
  • Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - 196 адам, оның ішінде 14 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар және 20 адам атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізілді:
  • 1316 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, оның ішінде, 62 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар; атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың ішінен 56 адам;
  • 80 адамға жаңа бизнес идеяларды дамытуға гранттар берілді (65 грант 200 АЕК және 15 грант 100 АЕК), оның ішінде 8 грант мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға берілді,12 грант  атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғаларға және 22 грант жастарға берілді. Гранттар әр түрлі қызмет түрлеріне өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілді;
  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға 128 адам жіберілді, оның ішінде 3 адам мүмкіндігі шектеулі тұлға, 8 адам атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы.

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген мақсатты топтарды (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды, оралмандарды, жастарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды) жұмысқа орналастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп келеді. 29 жасқа дейінгі жастармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінеді. Мектеп және колледж түлектерімен кездесулер өткізіледі, онда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қарқынды шаралары түсіндіріледі. Оның ішінде өз ісін ашу мүмкіндігі бар.

Шахтинск қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 2019 жылы 3475 мемлекеттік қызмет көрсетті. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап аз қамтылған адамдардың өмірлік қиын жағдайдан шығу тетіктерін көздейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа нысаны енгізілді. Жұмыспен қамту орталығына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа нысаны бойынша кеңес алуға 1100 адам өтініш берді, 269 отбасынан өтініш қабылданды, оның ішінде 93 шартсыз ақшалай көмекке және 176 шартты ақшалай көмекке.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің саны 360, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 91 адам тартылды, қалған 269 адам өтініш берген кезде жұмыс істеді немесе бала күтімі бойынша демалыста болды. Осы бағыттағы жұмыс ағымды жылы жалғасатын болады.

2019 жылы Шахтинск қаласы бойынша дератизациялау-дезинсекциялық іс-шараларды  жүргізу қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттер туралы ақпаратты Шахтинск қалалық  тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Е.Бейсембаев баяндайды.

2019 жылдың сәуір-мамыр, қыркүйек-қазан айларында Шахтинск қаласы және кенттерінің барлық (61 объект) бюджеттік ұйымдарының жертөлелері мен шаруашылық жайларында  кеміргіштерге қарсы өңдеулер жүргізілді. 2 реттен өңделген аумақтың жалпы ауданы 612 514 шаршы метрді құрады.

Өңделген дезинсекцияланған су қоймаларын ауданының көлемі үш жыл ішінде өзгермейді.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді, соның ішінде көп балалы аз қамтылған азаматтар арасында АӘК тағайындау және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алу бойынша халық арасында санитарлық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

 

 Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -11°C , ылғал 85%, қысым 725, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.77
Euro 408.46
Рубль 5.95

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары