www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.01.2020
Біздің қаламызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келіп қайтты

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Әбдіров, Г.Бижанова, А.Қожахметов және «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанова Қарағанды облысына келген іссапар шеңберінде Шахтинск қаласына келіп қайтты. Іссапардың негізгі мақсаты: заңдардағы өзгерістер мен дайындалып жатқан заң жобалары туралы халықты хабардар ету. Іссапар бағдарламасының бірінші тармағы - В.И.Ленин атындағы шахтаның еңбек ұжымымен кездесу болды. Кездесуге қала әкімі С.Аймақов, Қарағанды облысы бойынша аумақтық кәсіподақтар  бірлестігінің төрағасы Б.Жұмабеков қатысты. Мәжілісмендер адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қабылданып жатқан заңнамалық шаралар туралы айтты. Олардың қатарында «педагог мәртебесі туралы» жаңа заң, ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілетін  өзгерістер туралы, заем еңбегін реттеу мәселелері бойынша дайындалып жатқан заң жобасы туралы және т. б. Өз кезегінде, кеншілер қала құраушы кәсіпорындарда орын алып жатқан әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде зейнеткерлік жасты төмендету мәселесін көтерді.

Іссапары бағдарламасының келесі тармағы «Nur Otan» партиясының Шахтинск қалалық филиалында қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу болды. Кездесу «ашық диалог» сипатында өтті, мәслихат депутаттары әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген мәселелерді көтерді: «педагог мәртебесі туралы» жаңа заңға сәйкес білім беру мекемелерінің басшыларына еңбекақыны арттыру туралы, бизнесті дамыту үшін кедергілерді азайту туралы, ҚР Парламенті Мәжілісінің отырыстарына қатысу туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы және т. б. Барлық сауалдарға толық жауаптар берілді, ал қосымша қарауды талап ететін мәселелер мәжілісмендерге жазбаша түрде берілді.

Кездесу соңында қала әкімі С. Аймақов пен қалалық мәслихат депутаттары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына өткізілген кездесу мен сындарлы сұхбат үшін алғыс айтты.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -9°C , ылғал 84%, қысым 713, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.42
Euro 417.41
Рубль 6.09

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары