www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.01.2020
«Тентекская» шахта 40-жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

 

Өткен жұмада Кеншілер мәдениет сарайында «Тентек» шахтасының 40 - жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтойға қала, көмір департаменті басшылығы, шахта директорлары, «Қорғау» кәсіподағының өкілдері, шахта ардагерлері, кеншілер және т.б. шақырылды.

Өз құттықтау сөзінде қала әкімі С. Аймақов Тентек шахтасы Шахтинск аймағының ең жас және заманауи құралдармен жабдықталған көмір өндіруші кәсіпорны  екенін атап өтті. Сержан Жанабекұлы шахтаның болашағы туралы да айтты: «2021 жылға қарай шахтаның жаңа клеткалық оқпанының құрылысы аяқталады, бұл кәсіпорынның болашағына үлкен перспективалар ашады». Қала басшысы шахтаның басшылығына, ардагерлеріне және ұжымына ауыр еңбегі үшін алғыс білдіріп, шахта директоры Т.Шаяхметовке құттықтау папкасы мен естелік сыйлықты табыс етті. Сондай-ақ, шахта зейнеткері Л.Рыбалконы және шахта жұмыскерлері Г.Кузьмин мен С.Дитрихты қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Мерейтой құрметіне орай үздік қызметкерлерге I және II дәрежелі «Кеншілер даңқы» және «Еңбек даңқы» төсбелгілері табыс етілді, сондай-ақ, көптеген құттықтау папкалары, сыйлықтар, шын жүректен жарып шыққан құттықтаулар мен жылы естеліктері бар мазмұнды құттықтау бағдарламасы дайындалды.

Мерей тоймен құттықтау мен сыйлықтарды табыс ету іс-шарасын  Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әртістері мен ұжымының концертті жалғастырды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -9°C , ылғал 84%, қысым 713, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.42
Euro 417.41
Рубль 6.09

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары