29 қарашада маңызды мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күні, сондай-ақ ҚР Прокуратурасы күні қарсаңында Шахтинск қаласы прокурорының кубогына волейболдан дәстүрлі турнир өтті. Спорттық мереке №7 жалпы білім беру мектебінің спорт залында өтті. Турнирге 6 команда, атап айтсақ «Құрылысмет» ЖШС №2 өндірісінің, полиция бөлімінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің, Шахтинск технологиялық колледжінің, Новодолинский кентінің командалары қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатына құрметті қонақтар қатысты, олардың қатартында қала әкімі орынбасарының м.а. Н.Циолковская, қала прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі А. Ахметов. Сөз сөйлеушілердің әрқайсысы іс-шараға қатысушылдарды алдағы мемлекеттік мереке-ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, спортпен шұғылданудың және салауатты өмір салтының адам өміріне деген пайдасын атап өтті, қатысушыларға сәтті де қызықты сайыс болуын және сәттілік тіледі.
Тартыс нәтижесінде бірінші орынды «Құрылысмет» ЖШС №2 өндірісі, екінші орынды - Шахтинск технологиялық колледжі, үшінші орынды Новодолинский кентінің командасы иеленді. Дәстүр бойынша «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Мерзликин Владимирға (Шахтинск технологиялық колледжі), «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша Даниев Алишерге («Құрылысмет» ЖШС №2 өндірісі) және «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Жаксыбаев Ерланға (Новодолинский кенті) арнайы сыйлықтар берілді. Қала прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі А.Ахметов жеңімпаздар мен номинанттарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі