www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
29.11.2019
Біздің өңіріміздің мектептерінде «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында ашық сабақтар өтті

 

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» ашық сабақтар 29 қарашада Шахтинск қаласының 12 жалпы білім беру мектептерінде де өтті.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығын ашу.

Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің балалық шағы, Қазақстанның әр азаматының мақтанышы, Тәуелсіз Қазақстанның символы болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласы туралы  баяндалды.

Оқушылар Ұлт Көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен және еңбек жолымен танысты.

Сабақтың мазммұны Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбегі арқылы өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, белсенді, жасампаз, мақсатшыл, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеуге, сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен еңбегі туралы түсінікті кеңейтуге, танымдылық мүддені дамытуға бағытталған. 

Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты, олар ата-аналар мен әртүрлі мамандық өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары. Құрметті қонақтардың бірі Шахтинск қаласының ардагерлдер кеңесінің төрағасы - Сметов Садуақас Сметұлы да аталмыш іс-шараға қатысты. Оқушылар алдында ол еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарған уақытта Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері туралы баяндады.

 

«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -4°C , ылғал 88%, қысым 721, жел 9 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары