www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
07.11.2019
Зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтадық

 

Бүгін қалалық әкімдікте қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары   Қ.Тілеубергеновті зейнеткерлікке шығарып салу және туған күнімен салтанатты түрде құттықтау шарасы өтті.

Қала әкімі С. Аймақов Қайыржан Кәрімұлының қаламыздың дамуына қосқан зор үлесін атап өтті, оның еңбегіне жоғары баға берді, сондай-ақ туған күн иесіне қала әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.

Қайыржан Кәрімұлын зейнеткерлікке шығуымен және туған күнімен құттықтауға қалалық мәслихат хатшысы Ж.Мамерханова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сметов, шешен диаспорасының өкілі, қоғам қайраткері Х.Мустапаев, емхана директоры М. Қажикенов, қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы А. Байжұманов, қала әкімінің орынбасарлары, кент әкімдері, бөлім басшылары, әкім аппаратының қызметкерлері келді, олар мерей той иесіне мол тәжірибесі, өмірге деген белсенді көз-қарасы және шексіз патриотизмі үшін алғыс айта отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сөз сөйлегендер мерей той иесінің адамгершлік, парасаттылық, қандай да бір әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуде табандылық танытатын қасиеттерін атап өтті,  осындай білімі, күш-қуаты, тәжірибесі бар адам алдағы уақытта да облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысатынына сенімді екендерін жеткізді.

Мерей той иесі қала әкіміне көрсеткен ықыласы үшін және құттықтап келгендердің барлығына жылы лебіздері үшін алғыс білдірді.

Қайыржан Кәрімұлы Тлеубергенов 20 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Бір жылдары ол Шет және Ақтоғай аудандарының әкімі болып қызмет етті. Қала әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін 2015 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келді.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 48%, қысым 717, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 388.07
Euro 427.54
Рубль 6.08

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары