www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
09.10.2019
Қала әкімі аппараттық кеңес өткізді

 

Қала әкімі С.Аймаков аппараттық кеңес өткізді, аппараттық кеңес өткізу барысында «Азаматтарды күзде әскери қызметке шақыруға дайындық жүргізу және оны қамтмасыз ету шаралары туралы», «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы туралы» мәселелер қарастырылды.

Бірінші мәселе бойынша ақпаратты қорғаныс істері жөніндегі  қалалық бөлім бастығы М.Шакуанов ұсынды. Әскери қызметке  шақыру екі кезеңнен тұрады -  бірінші дайындық кезеңі 10 шілдеден бастап  28 тамызға дейін, екінші кезең практикалық іріктеу  5 қыркүйектен бастап 30 желтоқсанда дейін. Жалпы күзде әскери  қызметке 1992-2001 жылдарда туған 800-ден астам жасөспірім шақырылады.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы туралы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Жүнісов баяндады.

Есеп беру кезеңінде Шахтинск аймағының тұрғындары арасында 52 спорт – бұқаралық іс-шара өткізілді, оған 14000-нан астам адам қатысты, оның ішінде мүгедек балалармен үш іс-шара өткізілген.

Барлық спорттық-бұқаралық іс-шаралар Жастар жылы аясында өткізіліп келеді.

Сонымен қатар, біздің қаламыздың құрама командасы облыс қалалары арасында өткен барлық спартакиадаларға қатысты; аймақтың барлық кәсіпорындары мен ұйымдарында қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша Тұңғыш Президент - Елбасының тестілері тапсырылды; облыстық деңгейде 3 спорттық - бұқаралық іс-шара өткізілді. Тамызда біздің қаламызда алғаш рет Қарағанды облысының қалалары арасында XIV жазғы «Арай» спартакиадасы өтті. Ағымдағы жылда Новодолинский кентінде тартан жабыны бар волейбол алаңы орнатылды.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала  әкімі әскери қызметке шақыруды өткізу және  ұйымдастыру ережелеріне сәйкес мерзімдік әскери қызметке  азаматтарды күзде шақыруды өткізу жөніндегі  іс-шараларын сапалы орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ халықтың басым көпшілігін бұқаралық спортқа тарту жұмысын қарқындатуды тапсырды..

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 5°C , ылғал 19%, қысым 719, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.75
Euro 434.26
Рубль 6.12

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары