www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
06.09.2019
Алгоритм әзірленді

 

Өткен бейсенбіде полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінде біздің қаламызда орын алып отырған рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселесі жөніндегі қалалық комиссия отырысы өтті. Аталмыш комиссияның негізгі мақсаты қаланың санитарлық жағдайын бұзушылармен және қоқыстармен кең ауқымды күрес жүргізу  болып табылады.

Отырысқа Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е. Керімқұлов, Қоғамдық кеңестің мүшесі, осы комиссияның басшысы, «Салауатты қоғам-2050» ҚБ төрағасы  Р.Тунгатов, Шахтинск қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Исенов, қаланың барлық мүдделі мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды және бірыңғай іс-қимылдар алгоритмі әзірленді: үй басқарушылармен кездесулер және тұрғындармен жиындар өткізу; бейнебақылау камераларын орнату мәселесін пысықтау; жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар өткізу; әлеуметтік желілерде қарқынды жұмыс жүргізу.

Аталмыш комиссия өзінің алға қойған мақсатына жетіп, біздің қаламыз бұдан да таза және көркейе түседі деген сенімдеміз.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 19°C , ылғал 40%, қысым 716, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары