www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.08.2019
Анаға цифрлық жәрдем!

 

 Анаға цифрлық жәрдем! 


               «Азаматтарға арналған үкімет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды. Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде пост жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады.

Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар жазған постында мемлекеттік корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгілеп (instagram әлеуметтік желісінде), #анағацифрлықжәрдем хэштегін қоюы тиіс.

          Байқау жеңімпаздары 15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есімдері бір тізімге жазылып, жеңімпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмірдің түсуі арқылы таңдалады.  

Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңімпаз bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендінің жөргектерін бір ай бойы алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретінде тағы бес жеңімпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтім құралдарына қосымша сертификат алады.

 

Анықтама: «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметі egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында іске қосылған. Жыл басынан бері алты ай ішінде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсімделген.



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -1°C , ылғал 79%, қысым 718, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.19
Euro 427.71
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары