www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.08.2019
Тоқпен зақымданған жағдайда не істеу керек?

 

Тоқпен зақымданған жағдайда не істеу керек?

 

Жарық беру және зарядталған заттар әлемінде «кернеу» және «күш» сөздері нағыз физикалық әсерге ие, егер адам тоқпен зақымданған жағдайда не істеу керек еенін және өзін құрбан етпеу үшін не істемеу керек екенін білу өте маңызды.

Мынадай жағдайды елестетіп көрейік: сіздің алдыңызда адам ессіз жатыр, онымен не болғанын сіз білмейсіз. Бірақ оның жанында жатқан сым немесе электр заты бізге адамның тоқтың әсерінен зардап шеккенін пайымдауға негіз береді. Егер сіз тоқтан зақымданудың куәгері болсаңыз, өлімнен құтқарар алдында мұндай      жағдайларда құтқару ережелерін еске түсіру маңызды.

1. Электр тоғын өшіріңіз, тоқ ажыратқышын сөндіріңіз, тек  содан кейін ғана  құтқаруға кірісіңіз. Есіңізде болсын, адам да, кабель немесе сым жатқан  жер де ток өткізе алады. Сондықтан Сіздің кез келген абайсыз қозғалысыңыз сізді оқиға құрбанына айналдыруы мүмкін.

2. Жедел жәрдем бригадасын шақырыңыз. Бұл іс-әрекеттердің барлығын бір адам емес, бірнеше адам орындағаны абзал, себебі шұғыл жағдайда онсыз да қымбат болып табылатын уақытты үнемдейді.

3. Сымды сізге және зардап шегушіге қауіпсіз қашықтыққа алып тастайтын затты алыңыз. Оған ағаштың бұтақтары немесе тоқ өткізбейтін пластик және резеңкеден жасалған нәрсе жақсы келеді.

4. Өз қауіпсіздігіңізге көзіңіз жеткізгеннен соң да көмекке шұғыл кірісудің қажеті жоқ: зардап шегушіге бір ақтың алдына екінші аяқты жерден алмай қоя отырып, «қаз адымымен» адымдап жақындаңыз.

Неге олай жасау керек? Зақымдалған сымның өзі, әсіресе, онда кернеу болған жағдайда, тіпті қашықтықта да қауіпті. Адам тіпті қолын тоққа тигізбей жатып, оның әсерінен құлаған жайыттар да орын алған: барлығы құлап жатқан жұмыс істеп тұрған кабель  немесе сымдар жатқан жерде жүретін адамның аяғы арасында пайда болатын қадамдық кернеуде. Бұл кернеу қадам ұзындығы ұлғайған кезде өседі және керісінше. Сондықтан, сіз электр қуаты тоқтан ажыратылғанына көз жеткізсеңіз де, жерден аяқты алмай, қысқа қадаммен жылжу керек. Бұл жағдайда қырағылық пен ұқыптылықты мұқият сақтау керек.        

Зардап шегушінің жанында болған соң, зақымдау көзін жою қажет, бірақ жалаңаш қолмен емес, тоқ өткізбейтін затпен.

Сіз өз қауіпсіздігіңізге көз жеткіздіңіз, зардап шегушіге жетіп, барлық зақымдаушы сымдар мен кабельдерді алып тастадыңыз, енді алғашқы медициналық емес көмек көрсетуге кірісуге болады.

1. Адамның жағдайын бағалаңыз, егер ол ес-түссіз жатса, оның тамырын ұстап көріңіз және тыныс алуын тексеріңіз.

2. Тамырының соғуы мен тыныс алуы бұзылған жағдайда, өмір сүруіне  маңызды болып табылатын осы функцияларды қалпына келтіруге тырысыңыз, жүрекке тікелей емес массаж жасаңыз және қолдан жасанды тыныс алдырыңыз.

3. Жедел жәрдем келгенше жан сақтау шараларын қабылдауды жалғастырыңыз.

Жоғарыда аталған тармақтар құтқарушының өзі үшін де тоқ соғу қаупін төмендетуге көмектеседі. Бірақ тәуекел, әсіресе электр жағдайында, бәрібір қалатындығын есте сақтау керек. Сондықтан, егер сіз өзіңіздің басыңызды қауіп – қатерге тікпестен зардап шегушіге көмек көрсету мүмкін емес екенін түсінсеңіз, көмек көрсетіп қажет емес.           

Ең бастысы қауіпсіздік техниксы ережесін сақтау маңызды, яғни тоққа қосылып тұрған электр құрылғыларын дымқыл қолмен ұстамау керек. Бұл біздің электр шәйнектерге, миксерлерге, фендерге, сондай-ақ зарядтау құрылғысына қосылған ұялы телефондарға да қатысты. Қандай да бір электр құрылғысымен жұмыс істеуге кіріспей тұрып, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз туралы ойланыңыз және абай болыңыз!

 

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -1°C , ылғал 79%, қысым 718, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.19
Euro 427.71
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары