www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
10.06.2019
Сероздық менингит, профилактикалық шаралары

 

Сероздық менингит, профилактикалық шаралары

 

          Сероздық менингит – бұл ми қабығы зақымдануымен сипатталатын инфекциялық ауру-сырқаулық. Ауру-сырқаулықтың қоздырғыштары вирустар, бактериялар, саңырауқұлақшалар. Ауру-сырқаулық жағдайларының 80 пайызын вирустар алады. Негізінен 14 жасқа дейінгі 3-6 жастағы балалар ауырады.

          Инфекцияның берілуі  су, тамақ арқылы, сырқатпен немесе инфекция тасушымен жақын қатынаста болғанда ауа-тамшылары жолдарымен беріледі. Ауру-сырқаулық мезгілдік, көктемгі-жазғы және жазғы-күзгі мезгілдерде тіркеледі.

          Жұқтырылады:

-        су арқылы: шомылуға арналмаған ашық су айдынына түскенде суды жұту кезінде;

-        тамақ өнімдері арқылы: дұрыс жуылмаған көкөністер мен жемістер, аскөктерді тамаққа пайдаланғанда;

-        жөтелгенде және түшкіргендегі сілекейдің, қақырықтың  ұсақ тамшылары арқылы;

-        жеке гигиена ережелерін сақтамағанда кір қолдар арқылы.

Инфекция қалай білінеді?

          Ауру-сырқаулық дене қызуының 38-40 градусқа дейін көтерілуімен, әлсіздікпен, бас ауыруымен, кейде іш өтуімен басталады. Ауыр түрінде сіңірлері тартылып құрысқақ болуы мүмкін. Осындай шағымдар болған жағдайларда: тосуға, бәрі жақсы болады деп үміттенуге, өздігінен ем қолдануға болмайды; кешіктірмей дәрігер шақырту қажет.

          Профилактикалық шаралары:

-        ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

-        әр тамақ ішер алдында және әр дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу, жеке бас және қоғамдық гигиена талаптарын қатаң орындау;

-        жемістер мен көкөністерді пайдаланар алдында щетканы қолданып жуып, содан кейін қайнаған сумен шаю;

-        ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу, шомылу кезінде суды жұтып қоймауға тырысу;

-        тамақ өнімдерін саудаға арналмаған жерлерден және жеке тұлғалардан алмау;

-        ыдыстар мен тамақ өнімдерін тазалықта ұстау.

Естеріңізде болсын, ауруды емдегеннне гөрі, күнделікті профилактикалық шараларды орындау арқылы ауру-сырқаулықтың алдын алу жеңілірек!

 

«Шахтинск қалалық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» РММ



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 15°C , ылғал 45%, қысым 713, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 389.52
Euro 429.21
Рубль 6.07

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары