www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
06.06.2019
Шахтинск қаласы полиция бөлімінің жаңа бастығы тағайындалды

 

         6 маусымда қала әкімдігінде Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е.Файзуллиннің және  қала әкімі С.Аймақовтың қатысуымен қала активі өтті. Активте Шахтинск қаласы полиция бөлімінің жаңа бастығы, подполковник Мұқашев Нұрсұлтан Маратұлын таныстырды.

Мұқашев Нұрсұлтан Маратұлы, Қарағанды қаласының тумасы. Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған, Михайловка полиция бөлімшесінің, Саран қаласы полиция бөлімшесінің бастығы болып қызмет еткен. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымын атқарған. Қызмет бабында өзін адал және жауапкершілігі мол басшы ретінде көрсетті.

Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е.Файзуллин және қала әкімі С.Аймақов қалалық полиция бөлімінің жаңа бастығына жұмыста жеміс және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуді тіледі.

 

 Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 19°C , ылғал 33%, қысым 710, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.05
Euro 432.79
Рубль 5.96

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары