www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
15.04.2019
Ерекше бақылауда

 

12 сәуірде қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша кеңес өтті.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты қала әкімі аппаратының басшысы Н.Циолковская баяндады, ол жергілікті атқарушы органдармен 100 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетіндігін айтты. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша барлығы 4311 қызмет көрсетілді. Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының азайғаны және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер санының өскені айтарлықтай байқалады. Ішкі бақылау шарасының қорытындысы бойынша 2018 жылы жалпы әртүрлі сипаттағы 255 бұзушылық анықталған. Анықталған заң бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғалардың барлығы тәртіптік жазаға тартылды, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға бағытталған 22 ұсыныс берілді. Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру нысандары мен әдістері үнемі жетілдіріліп отырады: мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкелері, ай сайын – «ашық есіктер күні» өткізілуде, ақпараттық стендтер ресімделген, бейне роликтер көрсетіледі, қаланың және кенттердің орталық көшелерінде баннерлер орнатылды, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қажетті жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, кент әкімдіктерінде және қалалық жұмыспен қамту орталығында «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.

Қенес соңында қала әкімі мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі ерекше бақылауда тұрғанын  және оларды көрсету сапасын арттыру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ,  мемлекеттік қызметтерді көрсетуді  автоматтандыру және мемлекеттік қызметтерді баламалы нысаннан электрондық нысанға және Мемлекеттік корпорация (халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы көрсетуге көшіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

 Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 6°C , ылғал 34%, қысым 715, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 379.29
Euro 426.40
Рубль 5.93

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары