www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
11.02.2019
Мәжілісмендер ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын түсіндіруде

 

Өткен жұмада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Альберт Рау, Гүлнар Бижанова Қарағанды облысына келген іссапар барысында Шахтинск аймағына да келді, олар іссапар барысында «Құрылысмет» ЖШС №2 өндірісінің және «Апрель Құлагер» ЖШС еңбек ұжымдарымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты  Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізді. Кездесуге «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанова, қала әкімі С.Аймақов, қалалық мәслихат депутаттары Ғ.Қаржасов және А.Омарбеков қатысты. Қонақтар үшін алдымен кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырылды.

Мәжілісмендер Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бастамаларын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі және түсінкті етіп түсіндірді. Олар барлық бастамалар еліміздің әрбір азаматының өмірінің маңызды аспектілеріне қатысты екенін және халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Альберт Павлович Жолдаудың әлеуметтік бағыты бизнесті қолдаудың нақты тетіктерімен нығайтылғанын атап өтті. Гүлнар Кадиржанқызы Парламент ҚР Президентінің жолдауы бойынша заң шығару жұмысын аяқтағанын атап өтті. Ол заң жобаларын қабылдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, оның ішінде «педагог мәртебесі туралы», бірыңғай әлеуметтік төлем салық салудың жаңа режимін қолданысқа енгізу, жеке меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері жөніндегі, Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 21 қаңтарында қол қойған мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою кезінде тең құнды өтеуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын заң жобалары бар.

Кездесу барысында жан-жақты және құнарлы сұхбат құрылды. Кездесу соңында қала әкімі С.Аймақов мәжілісмендерге  кездесу өткізгені үшін, толық түсініктеме және байымды әңгімелері үшін алғыс айтты.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 0°C , ылғал 62%, қысым 712, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 379.19
Euro 426.63
Рубль 5.92

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары