www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
11.02.2019
Мемлекеттік қызмет көрсету Уақыт үнемдеудің тиімді жолы

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Уақыт үнемдеудің тиімді жолы

 

Мемлекет басшысы Н.Наз а р б а е в «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттік қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді. Қазіргі таңда елімізде халыққа көрсетілетін қызметтердің ішінен әлеуметтік маңызды қызметтерді барынша электронды түрде алуға барлық жағдай туып отыр.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету «электрондық үкіметтің» веб­порталы (www.egov.kz) арқылы жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметтерді алу барынша автоматтандырылған, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе.

Еліміздің әрбір азаматы «Электронды үкімет» вебпорталына «пайдаланушы кабинетін» ашу арқылы тіркеле отырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық қызметті алу мүмкіндігіне ие болады. «Пайдаланушы кабинеті» - бұл халықтың қызмет алу үшін өтініштерін электронды нысанда оны қарайтын субъектілерге жүгінуі, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара ресми ақпараттық ісқимыл

жасауға арналған құралы. Бұл өз кезегінде, қазіргі заманның технологияның қарыштап дамыған, жаппай цифрландыруға бет бұру тұсында әрбір азаматқа өзіне берілген мүмкіндіктер аясын кеңейтуіне жол ашады.

«Электрондық цифрлық қолтаңба» (бұдан әрі-ЭЦҚ) дегеніміз - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық ны- шандар жиынтығы. Халыққа қызмет көрсету орталығынан куәландырылаотырып,ЭЦҚ- ны файлдық тасымалдағышта алған жағдайда, дербес компьютерге сақтауға болады. Сол арқылы, «Электронды үкімет» веб-порталына тіркеліп, жеке кабинетте мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалануға болады. Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны телефонда сақтай отырып, электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді

алуға болады. Егер де, ХҚКО-на баруды қажет ететін мемлекеттік қызметтерді алатын жағдайда, аталған мобильдік қосымша арқылы кезекке тұрып, кейін ХҚКО келіп, операторға кезек нөмірін көрсетуге болады. Бұл - кезек күтпей, уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы.

Өз кезегінде, бөлім тарапынан электрондық қызметтерді алу жолдары мен мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында спорттық- бұқаралық ісшаралар өткізу барысында ақпараттық парақтар таратылуда. Мемлекеттік қызмет алу барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бұзылған жағдайда 44104 сенім телефонына хабарласа аласыздар. Сондай-ақ қала тұрғындары өздеріне қажетті толық ақпараттарды Шахтинск қаласы әкімдігінің shahtinsk.gov. kz сайтынан ала алады.

 

А. Минлибаев, «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ -нің бас маманы

 


Ақпарат "Шахтинский вестник" газеті редакциясымен берілген


Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 0°C , ылғал 62%, қысым 712, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 379.19
Euro 426.63
Рубль 5.92

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары