www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
08.02.2019
Қала әкімі тұрғындармен қорытынды есеп беру кездесуін өткізді

 

2019 жылғы 7 ақпанда кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында Шахтинск қаласының әкімі С. Аймақовтың тұрғындармен қорытынды есеп беру кездесуі өтті, оған Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Д.Карпов, облыстық маслихаттың депутатты И. Ахмеев, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат хатшысы мен депутаттары, кент әкімдері, қалалық ұйымдардың және коммуналдық қызметтердің басшылары, бизнес-құрылымдар, ҮЕҰ, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Кездесуде 500-ден астам адам болды.

Қала басшысы өзінің есеп беру кездесуін 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауындағы стратегиялық міндеттерден бастады. Бұдан кейін С.Аймақов Шахтинск аймағының 2018 жылы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары, ағымдағы жылға қойылған міндеттер мен аймақтың бұдан әрі дамуының негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Өткен жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 18 млрд теңгені құраған,  негізгі капиталға 24 млрд  теңгеден астам қаражат инвестицияланған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. теңгеден астам немесе 78%-ға өсті.

Есептің ауқымды бөлігі тұрғын үй проблемаларын шешу туралы болды. «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында өткен жылы Парковая көшесінде 60 пәтерден тұратын тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, нәтижесінде 3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.  Ағымдағы жылда Абай Құнанбаев даңғылындағы бос тұрған 64 пәтерден тұратын №77 тұрғын үйді қалпына келтіруді аяқтау жоспарлануда. 40 жер учаскесінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы басталды. Ағымдағы жылда осы жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр. Бұл кезекте тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысын бастау үшін жер учаскесін беруге  мүмкіндік береді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнесті қолдаудың ауқымды инфрақұрылымы  құрылған. 38 шағын және орта бизнес объектісінің ашылуы, 184 жаңа жұмыс орынының ашылуы осы бағыттағы жұмыстың нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалар да өз тиімділігін көрсетті. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы «кредит бойынша пайыздық ставканы субсидиялау» және «кепілдікке беру» бойынша 5 жұмыс орнын аша отырып, 1 жоба мақұлданды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 28 жұмыс орнын аша отырып, жалпы 54 млн. тенгеге 14 жоба мақұлданды.

Ауылшаруашылық өнімін нарық бағасынан төмендетілген бағамен сату үшін қалада апта сайын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі, өткен жылы 153 ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, ол 2017 жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Және де 169 сауда нысандарының басшыларымен 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру туралы меморандумдар жасалды. Халықтың осал топтарын қолдау мақсатында өңірдің 43 дүкенінде «әлеуметтік сөрелер» ұйымдастырылды. 2018 жылдың тамыз айының басында жеке инвестицияларды тарту арқылы жаңа коммуналдық павильон ашылып, қызмет көрсетуде.

Ауқымды баяндамасында қала әкімі ауылшаруашылығына, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саланы, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Өткен жылы мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында 25 орындық «Kaпуsта» сәбилер балабақшасы ашылды. Есеп беру жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» шағын бағдарламасының   бағыты бойынша қаламызда бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Оның ішінде маңызды оқиға Әубакір Исмаилов атыңдағы көркемсурет мектебінің жаңа ғимаратының және балалар-жасөспірімдер орталығында «Кемеңғер» техноорталығының ашылуы. 2019 жылы қаламызда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарлануда. Азаматтардың өтініштеріне, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер де қозғалды. Сонымен қатар, өткен жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Дәстүр бойынша кездесу азаматтардың ауызша өтініш айтуымен жалғасты. Шахтинск тұрғындарын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, ономастика және т.б. мәселелер толғандырады. Қала әкімі және бөлім басшылары әрбір мәселе бойынша  түбегейлі жауаптар берді.

Шахтинск қаласы әкімінің қорытынды есеп беру кездесуі мен кент әкімдерінің 4 есеп беру кездесуінің (олар 2019 жылдың қаңтар айында өткізілген) қорытындысы бойынша әр ұсыныстың орындалу мерзімі мен орындауға жауапты тұлғалары көрсетілген Тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар әзірленеді және бекітіледі.

Аталмыш іс-шаралардың орындалу барысы тоқсан сайын қала әкімдігінің отырыстарында қаралады, БАҚ жарияланады және ресми сайтта орналастырылады.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 0°C , ылғал 62%, қысым 712, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 379.19
Euro 426.63
Рубль 5.92

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары