www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
27.12.2018
Шахан кентінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

 

27 желтоқсанда Шахан кентінің мәдениет үйінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасы бойынша Шахтинск қаласының және Шахан кентінің әкімдіктерімен бірлесіп, электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету және тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, сондай-ақ, қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «электрондық үкімет» порталы арқылы алу артықшылығын түсіндіру мақсатында өткізілді.  

 Халық үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қызметтерді алудың қадамдық алгоритмі көрсетілген буклеттер, бейнероликтер көрсету, баннерлер орналастыру арқылы хабардар ету- жәрмеңкенің ажырамас атрибуттары болып табылады.

Іс-шараға сұранысқа ие қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың  мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 бөлімінің, емхана, жұмыспен қамту  орталығының өкілдері қатысты. Бұл жерде жәрмеңкеге келушілер қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратпен қоса бір мезетте қызметтерді электрондық нысанда, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға өтінім беру мүмкіндігіне ие болды. Мекенжай анықтамасы, тұрғын үй алуға кезекке қою, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын есептеу ережелері, жұмысқа орналастыру, бала бақшаға кезекке қою және растау жөніндегі  қызметтер  халықтың ерекше сұранысына ие болды. Кенттің көптеген тұрғындары отбасылық денсаулық орталығының қызметкерімен өткізілетін салауатты өмір салты жөніндегі  іс-шараларға белсене қатысты. Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі Шахан кенті тұрғындарының  қызығушылығын тудырды, жәрмеңкеге 70-ке жуық адам қатысты.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 28°C , ылғал 48%, қысым 707, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.65
Euro 430.07
Рубль 6.00

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары