www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

22 Мамыр 2020
Қала туралы алғашқы әсер осы жерден басталады: бұрыңғы және қазіргі қарағанды вокзалы

Қарағанды темір жол вокзалында қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Осыған дейін әлеуметтік желілерде қарағандылықтар вокзалдың жаңартылған ғимаратын сынға алған болатын. Бүгінгі күні тұрғындар атап өткен барлық кемшіліктер жойылды. Қайта құру нәтижелерімен Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов және қала жұртшылығы танысты.

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ - ның "Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесі" филиалының директоры Марлен Көкірекбаев қарағандылықтар мен жұртшылық бірінші кезекте вокзалдың сыртқы келбетін сынға алғанын атап өтті. Сондықтан құрылысшылардың басты міндеті ғимараттың тарихи келбетін сақтап, сонымен қатар оны қазіргі заманғы нормалар мен талаптарға сәйкес ету болды.

- Біздің қоғамшылдар тарапынан вокзалдың тарихи сипатын сақтап қалуға үлкен тілек болды, біз ішкі және сыртқы әрлеу кезінде барынша ескеруге тырыстық. Әрине, шағын өзгерістер бар. Колонналар пайда болды, гранитпен әрлеу жүріп жатыр, - деп атап өтті Марлен Көкірекбаев.

Қыс аяқталған соң мердігерлерде кеспе тастарға қатысты қиындықтар туындады. Бүгінде олар 6 мыңнан астам шаршы метр жерді қайта төседі. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. 

Мердігерлер өз жұмысына үш жыл кепілдік береді. Егер кенеттен қандай да бір кемшіліктер пайда болса, оларды өз есебінен жоюға міндеттенеді.
- Жалпы ансамбль сақталып қалды. Мен 1968 жылы салынған біздің вокзалдың құрдасы ретінде, әрбір қарағандылық үшін ол қаланың басты нысандарының бірі екенін айтқым келеді. Вокзал ғимараты ерекше құнды. Қарағандылықтардың барлық ескертулері жойылды. Алайда, әлі де ұсақ кемшіліктер бар, олардың да орнын толтыру керек, - деп атап өтті Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов.

Жақын арада Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, автовокзал ғимараты да жөндеуден өтеді. Соңғы рет оны 2010 жылы жаңартқан.
- Адамдар Қарағандыға келген бетте ең алдымен вокзал маңындағы алаңға көз тігеді, содан қала туралы пікірі қалыптасады. Алғашқы әсерлер осында туады. Алаңның бір бөлігі абаттандырылған, сондай-ақ гүлдер мен әшекейлер болады. Бірақ бұл жерде автовокзал ғимараты тұр. Және ол жалпы конфигурацияға сәйкес келмейді. Жаңартылған вокзалмен барынша үйлесу үшін автовокзалға да тиісті түрде жөндеу жасау керек. Мұнда үш меншік иесі бар, олар өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізеді, - деді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров. 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары