www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

08 Сәуір 2020
Карантиндік күндері: қарағандылық полицейлердің жұмысы көбеюде

Қарағандылықтар "Соқыр" бақылау-өткізу бекетін айналып өтуге тырысқан: біреуі жаяу Балқашқа, ал екіншісі - қаладан тыс орналасқан жұмысына өтпекші болған.

7 сәуірден бастап Қарағанды облысында арнайы карантиндік режим жұмыс істейді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінде жұмыс көбейе бастады.
Осы күні елде "есепке алынған тұлғалар" жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл шара есепте тұрған адамдардың қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алуға және жолын кесуге бағытталған. Осы республикалық алдын алу шарасымен қатар, полицейлер төтенше жағдай кезінде арнайы тәртіптің сақталуын қадағалайды.


"Есепке алынған тұлғалар" операциясының бірінші күні еріктілер мен журналистер полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелеріне шықты. Тәртіп сақшылары Октябрь ауданында отбасылық жанжалқой ұсталды, ол бұған дейін осы секілді қылмыс жасағаны үшін қамауға алынып, сотта ақталып шыққан болатын. Енді оны заң бойынша жаза күтеді.


Сондай-ақ, Октябрь ауданында төтенше жағдай талаптарын бұзған үш тұрғын ұсталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылып, сот оларды 3, 5 және 10 күнге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.


Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімшесіне қарасты аумақта ер адамдар Қарағандыдан шыға берістегі "Соқыр" бақылау-өткізу пунктін айналып өтпекші болған. Ұсталған азаматтардың бірі жұмысқа баратынын, ал екіншісі Балқашқа жаяу барғысы келетінін айтқан. Бұл адамдарға да әкімшілік заңнамаға сәйкес айып тағылды. Енді олар 10 күнге қамауға алынады.


Барлық адамдар үшін заң бірдей, әркім ТЖ талаптарын сақтауға міндетті. Бұл шара халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 28°C , ылғал 25%, қысым 714, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 411.54
Euro 458.13
Рубль 5.84

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары