www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

07 Сәуір 2020
Карантиндік күндер: ресейлік азамат қиындыққа тап болды

Санкт-Петербургтен Қарағандыға қарт ата-анасына қонаққа келген ресейлік азамат қиын жағдайға тап болып, заңсыз эмигрант атана жаздады. Облыс әкімдігі жанындағы жедел әрекет ету орталығында шетелдік тұрғынға мәселесін шешуге көмек көрсетілді.

Ер адам Қазақстанға төтенше жағдай туралы хабарланғанға дейін ұшып келген. Ол еліміздегі жаңа көші-қон ережелері туралы білмегенін айтады. Келу туралы мәлімдемені үш күндік мерзімде тіркемеген.
Карантин жариялау алдында ресейлік азамат Теміртауға барып, сол жерде қалып қойған. Ата-анасына қайтып келе алмаған.
Бұл жағдай туралы Жедел әрекет ету орталығына хабарланған. Ер адамға блок бекет арқылы өтуге рұқсат берілді. Оның Қазақстанда болуы заңдастырылады және айыппұл салынбайды. Карантиндік тәртіп аяқталғаннан кейін Ресей азаматы үйіне орала алады.

Карантиннің күшеюіне және қосымша шектеулердің енгізілуіне байланысты ЖӘЕО жедел желісіне көптеген өтініштер келіп түсуде. Senim109 қызметіне қоңырау шалу саны бернеше есе өсті. Операторлар штаты екі есе ұлғайтылып, шағымдар мен ұсыныстарды қабылдауға үлгеру үшін байланыс қуаты кеңейтілді.
Желіге хабарласушылар тек проблемалы жағдайда көмек сұрап қана қоймайды. Мысалы, игі іс жасағысы келген кәсіпкерге кеңес қажет болды. Ол Алматы облысынан Қарағандыға өкпені жасанды желдету аппаратын алып келе жатқанын, және де онымен блок бекеттер арқылы қалай өтуге болатынын сұрап білген.
Естеріңізге сала кетейік, жедел әрекет ету орталығы карантин кезінде халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін құрылған. Орталық тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейді. Сұрақтар Senim 109 қызметінен және басқа ведомстволардан беріледі. Орталықта барлық облыстық басқармалардың, департаменттердің, санитарлық қызмет пен полицияның мамандары жұмыс істейді.


Байланыс-орталығына Facebook-тегі Senim 109 парақшасы арқылы хабарласуға болады. Әлеуметтік желілердегі барлық хабарламалар #senim109 хештегімен белгіленіп, 25 символдан кем болмауы тиіс. Шағым мен ұсынысты senim109.kz Telegram-боты арқылы және senim109.kz интернет-порталға жіберуге болады. Келесі сілтеме бойынша сіздің шағымдарыңыз бен өтініштеріңіз әлеуметтік желіге түседі https://www.instagram.com/senim109.kz/ (https://taplink.cc/senim109.kz ).
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары