www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

07 Сәуір 2020
Құрметті облыс тұрғындары!

Банктер мен банкоматтарда ақша тапшылығы жоқ екенін хабарлаймыз. Карантин кезінде облыста екінші деңгейлі банктер өз қызметін жалғастыруда. Жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қысқартылды. Барлық қаржылық қызметтер іркіліссіз көрсетіледі.

Банкоматтардан да қолма-қол ақша ала алатындарыңызды еске саламыз. Облыс бойынша оларды қысқарту жоспарланып отырған жоқ. Банкоматтар өзгеріссіз белгілі бір кестеге сәйкес толтырылады.

Құрметті екінші деңгейдегі банктерге келуші клиенттер, үй-жайда 2 метр қашықтықты сақтау қажет екенін еске саламыз. Санитарлық ережелерге сай ғимаратта бір уақытта бірнеше адам болмауы тиіс, сондықтан қазір кейбір қалаларда кезектер көшедеге дейін созылуда.
Сондай-ақ, зейнеткерлерге аса қажеттілік болмаса, банктерге бармауды сұраймыз. Карантин кезінде қарт адамдар қоғамдық орындарға бармауы үшін пошташылар төлем карталары мен зейнетақыны үйлеріне алып келеді.


«Қазпошта» бөлімшелері зейнеткерлерді ағымдағы шоттардан картаға аудару бойынша жұмыстар жүргізуде. Егде жастағы адамдарға телефон арқылы кеңес беріледі, өтінімді қалай ресімдеуге және карталарды пайдалануға болатынын түсіндіріп береді. Бұл рәсім оларға адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға мүмкіндік береді.
Картаны ресімдей алмайтындарға зейнетақыны мамандар үйіне алып келеді.
Төлем карталарының көмегімен дүкендердегі тауарлар, дәрі-дәрмектер, коммуналдық қызметтерді төлеуге, рost.kz порталында пошталық қызметтерді орындауға болады.
«Қазпошта» мен Халық банкінің банкоматтарынан ақшаны тегін алуға болады.
Төлем карталарын ресімдеу және зейнетақы жеткізу бойынша барлық сұрақтарға клиенттер келесі телефондар арқылы жауап ала алады: (8-7212) 41-26-95, 41-26-91.

Өзіңізді қорғаңыздар, үйде қалыңыздар! 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары