www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

06 Сәуір 2020
Маңызды хабарлама

Құрметті қала тұрғындары!

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қоғамдық көліктің жұмысы туралы ЖАЛҒАН ақпарат таратылуда: скриншоттарда белгілі бір уақытта «Денсаулық сақтау» деген жазуы бар автобустардың нөмірлері көрсетілген. Бұл ақпарат жалған екенін хабарлаймыз! Карантин кезеңінде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды.

Карантин облыстың барлық аумағында 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап енгізіледі. Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Бұқар Жырау ауданының бірнеше елді мекендерінде: Доскей, Үштөбе, Ботақара, Көкпекті, Ғабиден Мұстафин, Петровка елді мекендерінде кәсіпкерлік және халықтың өзге де тіршілігінің ерекше жағдайлары қарастырылған карантиннің ерекше тәртібі қолданылады. Бұл қалалар мен аудандардың тіршілік әрекетіне жауапты кәсіпорындарды қоспағанда, барлық ұйымдардың қызметі тоқтатыла тұратынын білдіреді. Өз қызметкерлерін тасымалдау үшін әрбір ұйым санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келуі тиіс қызметтік автокөлік ұйымдастырады. Арнайы жазулары бар автобустар қала бойынша жүреді, оларды тек нақты кәсіпорындардың қызметкерлері ғана пайдаланады. Барлық басқа тұрғындар үшін бұл көлік қолжетімсіз!

COVID-19 жағдайы және карантин туралы барлық нақты ақпарат Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады
https://karaganda-region.gov.kz сондай-ақ әлеуметтік желілерде әкімдіктің ресми парақшаларында https://web.facebook.com/saryarqaaqparat және https://instagram.com/saryarqaaqparat және "COVID-19-Қарағанды" телеграм-арнасында (https://t.me/covid_krg).

Карантинді бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанына назар аударамыз, ереже бұзушыларға айыппұл (10 АЕК немесе 26 510 мың теңге) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылатын болады.

Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін заң бұзушылар жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша жазаланатын болады.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 23°C , ылғал 21%, қысым 719, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 412.10
Euro 454.34
Рубль 5.82

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары