www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

03 Сәуір 2020
Карантин күндері: «Оптимистерді құтқару» операциясы

Саяжай қоғамынан шыға алмай қалған күзетшілер азық-түліксіз қалып қойды. Бала жасынан мүгедек болып қалған қарағандылық карантиндік аймақтан қажетті дәрісін ала алмауға байланысты қиындыққа тап болды. Қарағанды облысының әкімдігінде ске қосылған жедел әрекет ету орталығы осы және басқа да келеңсіз жағдайларды шешуге көмектесті.

Бір тәулік ішінде жедел орталыққа тұрғындардан мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Оның ішінде ең жиі қойылатын сауалдар: коронавирус бойынша жағдай, әлеуметтік қолдау шаралары және қажетті елді мекенге қалай жетуге болатынымен байланысты сұрақтар. Мысалы, жедел әрекет ету орталығына Теміртаудан келген мүмкіндігі шектеулі жан жүгінді. Өмірлік қажетті дәрі-дәрмекті ер адам Қарағандыда жалғыз дәріханадан алады. Емханаға облыс орталығында тіркелген. Таксиді блок-посттан өткізбейді. Енді не істеймін? – деп жүгінді орталыққа ол карантиндік аймақтан.
Орталық қызметкерлері жағдайды жедел шешуге көмектесті. Дәрі-дәрмекті алып қайту үшін ер адамға арнайы көлік ұсынылды.


Жұмыс бабымен қаламыздың бірнеше тұрғындары карантин аймағынан тыс жерде азық-түліксіз қалып қойған. Қарағандыдағы блок бекеттің арғы жағында адамдарға көмек қажет екенін орталыққа қарағандылық журналист мәлім еткен.


- Саяжай қауымдастықтарының бірінде күзетшілер ауысып, төрт адам азық-түліксіз қалып қойды. Адамдар ол жерге бір апта бұрын келген. Ал қазір күзететін орындарын тастап кете алмайды. Біз де ол жерге бара алмаймыз. Себебі ол саяжай блок бекеттің арғы жағында орналасқа, - деп мәлімдеді «Оптимист» саяжай қоғамынан хабарласып, көмек сұрағандар.
Өтініш білдірушілерге азық-түлік жеткізу нұсқасы түсіндірілді және мәселе шешілді.


Естеріңізге сала кетейік , жаңа құрылым аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Бұл өңірлік жедел штабтың негізгі орталығы. Жедел әрекет ету орталығы тәулік бойы және демалыссыз қызмет көрсетеді. Онда барлық облыстық басқармалар мен департаменттердің, санитарлық қызметтің, полицияның қызметкерлері жұмыс істейді.
Орталыққа Senim 109 қызметіне келіп түсетін барлық сауалдар жіберіледі. Бұл сұрақтар бойынша түсініктеме және кеңес беріледі.
Кейбір мәселелерді қолмен атқарып, шешуге тура келеді.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары