www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

03 Сәуір 2020
Қазақстанда шағын және орта бизнес қандай салықтардан босатылды

Қазақстанда шағын және орта бизнес қандай салықтардан босатылды

Қазақстанда бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданғаны туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тақиев айтып берді.

- Ағымдағы жағдайда Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау үшін жедел шаралар қабылдап жатыр. Жаңа бастамалар бизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруды, қосымша салықтық ынталандыруды іске асыруды, бизнесті тексерулерден шектеуді көздейді, - деді Мәди Тақиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Вице-министрдің атап өтуінше, Мемлекет басшысының «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлығына сәйкес бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Олар саудадан бастап туристік бизнеске дейін экономиканың түрлі секторларын қамтиды.

- Мәселен, ірі сауда нысандары, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен спорттық нысандар, қоғамдық тамақтану, қонақүй мен туристік қызмет саласында жұмыс істейтін салық төлеушілер жылдың соңына дейін салықтан босатылды. Бұған қоса, Салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер де жылдың соңына дейін жеке табыс салығынан босатылып отыр, - деп түсіндірді Мәди Тақиев.
Бұған қоса, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жер салығынан да босатылады.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында ірі қара мен асыл тұқымды құсты қоса алғанда АӨК-тің биологиялық активтерін ипорттау барысында қосылған құн салығы салынбайды.
- Сонымен қатар баға өсімін жою үшін 2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12-ден 8 пайызға дейін төмендетілді, - деді ол.

Вице-министр сондай-ақ 1 маусымға дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық және басқа да төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру қарастырылғанын атап өтті. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы ШОБ еңбекақы төлеу қорынан осы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі мерзімге неғұрлым зардап шеккен экономика секторлары бойынша салық және міндетті төлемдерді төлеуден босатуды тапсырды.

- Бұл салықтар мен төлемдердің бес түрін қамтиды: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру мен әлеуметтік аударымдар, - деп түсіндірді Мәди Тақиев.


inform.kz


 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары