www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

02 Сәуір 2020
Қарағандылық кәсіпкерлер көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуде

ТЖ режимі басталғалы кәсіпкерлер табысы төмен 400-ден астам көп балалы отбасыларға көмек көрсетті. Олар көмекке мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажетті азық-түлік – ұн, жарма, көкөніс берді.
Қарағанды ұн комбинаты облыс әкімдігінің қолдауымен 1 сәуірде аз қамтылған отбасыларға бір тоннадай ұн үлестірді.


- Кеше диірмен комбинатынан 40 көп балалы отбасы көмек алды. Біз көп балалы 40 отбасына 12 және 18 килограмм ұн үлестірдік, - дейді Қарағанды облысы бойынша «Талбесік» көп балалы аналар қозғалысы жетекшісінің орынбасары Айжан Байдильдинова.


Бүгін, 2 сәуірде, бұл жұмыс жалғасын тапты. «Ақжайық» кәсіпорны да жарты тонна ұн таратты.
Қарағанды облысы бойынша «Талбесік» көп балалы аналар қозғалысының ақпаратына сай, төтенше жағдай басталғаннан бері өңірде 400-ден астам отбасы көмек алған.


- Біз жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне табысы төмен көпбалалы отбасылар тізімін жібердік. Оларға барлығына көмек көрсетілді. Мысалы, «Жас Отан» жастар қанаты 103 отбасын көкөніс және басқа да қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті. «Жәке» шаруа қожалығы 80 отбасына 80 килограмм ет, «Алтын Арба» базары 110 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті. Сондай-ақ, диірмен комбинаты мен «Ақжайық» 60 отбасына ұн тарту етті, - дейді Қарағанды облысы бойынша «Талбесік» көп балалы аналар қозғалысының жетекшісі Ләззат Қожахметова.
Biz birgemiz!

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары