www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

02 Сәуір 2020
Birgemiz қоғамдық қорының ресми сайты іске қосылды

«Birgemiz» қоғамдық қоры түскен қаражат пен аймақтар бойынша көрсетілген көмек туралы барлық ақпарат тұрақты түрде жарияланып отыратын birgemiz2020.kz ресми сайтын іске қосты. Порталды еріктілер тегін жасап берген.

Мұнда барлық қайырымдылықтар бөлек бағанда көрсетіледі. Қаражат түскен сайын жаңартылып отырады. Компаниялардың жарналары «Қайырымдылық жасаушылар мен серіктестер» сегментінде көрсетілген. Сонымен қатар жағдайға бейжай қарамайтын қазақстандықтар сайтта көрсетілген деректер бойынша ерікті болуға немесе қаржылық көмек жіберуге өтініш қалдыру мүмкіндігіне ие.
Сондай-ақ, Ұйымның сайтында әрбір аймақтық қор туралы ақпарат беріледі. Мұнда мұқтаж адамдар өз өңіріндегі қормен тікелей байланысып, сұрақ қоюы үшін жергілікті жердегі жауапты тұлғалар мен олардың байланыс мәліметтері көрсетіледі.
- Біз үшін қор жұмысының ашықтығын көрсету өте маңызды. Сондықтан сайтқа кірушілердің әрбірі бұл жерден банктік үзінді көшірмелерімен бірге ұсынылатын есептерді таба алады. Қиын күндерде отандастарымызды қолдау үшін қайырымалдық жасаған барлық қазақстандықтарға және еліміздің компанияларына алғыс айтамыз, - деді қор төрағасы Руслан Сәкеев.
Еске сала кетейік «Birgemiz» қоғамдық қоры еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен COVID-19 пандемиясы жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында 2020 жылдың 20 наурызында құрылған еді.

Қор жұмысының ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ету үшін құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам және жастар өкілдері кіретін Қамқоршылық кеңеске бақылауды бекіту туралы шешім қабылданды.

inform.kz

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары