www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

30 Наурыз 2020
Қарағанды кітапханалары онлайн жұмыс істейді

Әдеби байқауға қатысып, оқу залына шолу жасау, кітапты пайдалану мерзімін ұзарту - осының бәрі карантин кезінде де мүмкін: облыс кітапханалары онлайн режимде жұмыс істейді.

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының онлайн-каталогында 350 000-нан астам библиографиялық жазба сақталған. Сонымен қатар келесі қызмет түрлері қолжетімді:
құжаттарды электронды жеткізу – мақалалар мен кітап үзінділерінің сандық көшірмелеріне тапсырыс беру. Кітапхана кітаптар мен мақалалардың бөліктерін іздеу, сканерлеу және оқырмандардың электрондық поштасына жіберу бойынша қызметтерді ұсынады;
виртуалды анықтама – қашықтағы пайдаланушылардың бір жолғы сұрауларын орындайды. Әдебиеттер тізімін ұсыну мүмкін;
«Сары-Арқа» электрондық кітапханасы – Қарағанды және Қарағанды облысы туралы толық мәтінді құжаттарға қол жеткізу;
виртуалды көрмелер – тақырыптық және дербес сипаттағы толық мәтінді құжаттар;
оnline-кітаптарды ұзарту – «Абонемент» бөлімінде алынған кітаптарды пайдалану мерзімін тез және ыңғайлы ұзартуға болады.
Толығырақ кітапхананың karlib.kz сайтынан және 56-76-55, 56-74-64 нөмірлері бойынша білуге болады.

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды жасөспірімдер кітапханасы да барлық жобалары мен кездесулерін онлайн-форматқа ауыстырды. Кітапхананың uniorlib.kz сайты бар, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және YouTube-те парақшалары бар.
Барлық қызметтер онлайн режимде қолжетімді. Сондай-ақ мұнда Қарағанды өңірі туралы тарихи-өлкетану сайты, сирек қолжазбалар мұражайы бар. «Әдемі» шығармашылық клубы Instagram-ның тікелей эфирінде шеберлік сабақтарын көрсетеді.
- Биылғы жылдың атаулы күндеріне арналған онлайн-байқауларды біз осыдан бұрын бастаған едік, сондықтан олар жалғасуда. Бұл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған байқаулар мен «батылдық» жобасы. «Жүрегіміздесізде, ешқашан ұмытпаймыз» жобасында 15-24 жас аралығындағы қатысушылар Ұлы Отан соғысы туралы қазақстандық жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқиды. Жіберілген жұмыстарды YouTube-арнасына орналастырамыз, ал жеңімпаздарды дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттаймыз, - дейді кітапхана директорының орынбасары Гүлнар Алдонғарова.
Сондай-ақ, кітапханада онлайн түрінде жыл сайынғы «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша «кітап флешбек» және «Абай бағыты» жобасы – Қарағанды облысының Абаймен байланысты естелік орындарына шолу жасау ұйымдастырылады. Сондай-ақ, онлайн түрде белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлының 70 жылдығы аталып өтеді.

Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған арнайы кітапханасы өз оқырмандарына онлайн-қызметтер ұсынады.
1 сәуір – «Балауса» балалар әдеби-танымдық клубы видеосабаққа қосылып, өз қолдарымен қолөнер жасауды ұсынады.
Көзі көрмейтін пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ватсап тобы құрылады – сондықтан ақпаратты дыбысталған түрде алуға болады.
2 сәуір – «Шабыт» сауықтыру клубы Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан күнәсі» атты онлайн-оқуын өткізеді.
6 сәуір – «Сиқырлы саусақтар» сәндік-қолданбалы өнер клубы танамоншақ жасау бойынша бейне сабақтарға шақырады.
Арнайы кітапхананың онлайн-қызметтері туралы толық ақпаратты 53-69-63 телефоны арқылы алуға болады.

Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасы барлық жастағы балалар мен олардың ата-аналары үшін қазақ және орыс тілдерінде онлайн-платформалар мен онлайн-іс-қимыл жоспарларын ұсынады.
«Әдебиет порталы» https://adebiportal.kz қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қол жетімді.

«Kitap.kz» https://kitap.kz - қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқуға және тыңдауға мүмкіндік береді.
«Тәтті алма» https://tattialma.kz - оқуға деген сүйіспеншілік пен әлемді түсінуді дамытады. «Тәтті алма» платформасында ата-аналарға арналған мультфильмдер, ертегілер, жұмбақтар, байқаулар мен арнайы бөлімдер бар.
«Qasym.kz» http://qasym.kz - портал, онда Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық ақпарат алуға болады. Сондай-ақ рухани, мәдени, ғылыми және білім беру материалдары жарияланады.
«Kaz-Lit.kz» http://kaz-lit.kz - фольклордан қазіргі авторлардың жаңа шығармаларына дейінгі қазақ әдебиеті ұсынылған.
Қазақстанның Қызыл кітабы http://www.redbookkz.info - мұнда Қызыл кітапқа енгізілген фауна мен флора туралы ақпарат алуға болады.
«Қазақ халық ертегілері» http://www.ertegi.ru орыс тілінде.
«Rukh.kz» https://ruh.kz/en - алты бөлімнен тұратын «Рухани жаңғыру» жобасының ақпараттық порталы: «Отан», «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы», «Әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «100 жаңа атау», «100 жаңа оқулық», «латын әліпбиіне көшу».
31 наурыз күні онлайн-кітапханада сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «кітапты иллюстрациялар бойынша тап» атты викторина өтеді. Сондай-ақ, осы күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін «киіз үйдің этникалық конструкторы» онлайн-тренингі өтеді.
1 сәуір күні сағат 11.00 – «Шуақ» балалар шығармашылық студиясының онлайн-сабағы, ал сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін – «кітапты иллюстрациялар бойынша тап» онлайн-викторинасы.
2 сәуір күні сағат 11.00-де «Кел, қазақша сөйлейік!». Ал сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін – «авторды білесің бе?».
3 сәуір күні сағат 15.00-де «Ертегілер елінде» айдары – ертегіні онлайн-оқу. Осы күні сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін «кітапты иллюстрациялар бойынша тап» онлайн-викторинасы өтеді.
5 сәуір күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін – «авторды білесің бе?», ал сағат 13.00 - ден 18.00-ге дейін – «кітапты иллюстрациялар бойынша тап» онлайн-викторинасы өтеді.
Абай атындағы балалар кітапханасының сайты - https://www.odb-abai.kz , толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 41-23-25, 41-23-26.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары