www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

29 Наурыз 2020
Қарағанды облысының тұрғындары жақын арада қандай шектеулерге тап болады

WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың қаулысы үшін берілетін құжат белсенді түрде таратылуда. 28 наурыздағы №7 бұл құжат тек жоба ретінде болған және түпнұсқа болып табылмайды, ондағы ақпарат шынайы емес.

2020 жылғы 29 наурыздағы №8 қаулысымен Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың жекелеген шектеу шаралары келтірілген карантин Қарағанды облысының бес қаласында - Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалаларында 2020 жылғы 30 наурыздан бастап енгізіледі. Осы күннен бастап аталған бес қаланың тұрғындарына отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан астам топпен жиналуға тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, банк қызметтерін сатып алуды және жұмысқа бару қажеттілігін қоспағанда, азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылады.
65 жастан асқан адамдарға далаға шығуға болмайды.
Кәмелетке толмағандарға ересектерсіз үйден шығуға тыйым салынады.

Ерекше өкімге дейін барлық қоғамдық орындар жабылатын болады. Ол - саябақтар, гүлзарлар, балалардың ойын және спорт алаңдары. Бизнес-орталықтар 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.
Дәмханалар мен мейрамханалар жеткізу режимінде ғана жұмыс істей алады.

Барлық азық-түлік емес дүкендер, жеке меншік және мемлекеттік балабақшалар, сұлулық салондары, қоғамдық моншалар, сауналар, букмекерлік кеңселер және басқа да қызмет көрсету мекемелері жұмысын тоқтатады.

Карантиндік қалалар арасындағы көлік қатынасы әзірге тоқтатылған жоқ. Сондай-ақ, авто және теміржол вокзалдарының, әуежайдың және қоғамдық көліктің жұмысын шектеу кезінде және карантиндік аймақты толық қоршауды қамтамасыз етілген кезде халық алдын ала хабардар етілетіндігін хабарлаймыз.
Еңбек көші-қон мәселелері жергілікті әкімдіктермен және жұмыс берушілермен бірлесіп пысықталатын болады.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары