www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

29 Наурыз 2020
Қарағандыда тұрғын үйлердің бірінде жабылған кіреберістің тұрғындарына күніне екі рет азық-түлік тасымалданады

Қарағандыда Ермеков көшесіндегі № 106/1 үйдің кіреберісіне карантин қойылды. Ол 14 күнге созылады. Тұрғындарға далаға шығуға шектеу қойылды. Олар тұрақты медициналық бақылауда болады. Қажетті азық-түлік үйге тапсырыс бойынша күніне екі рет жеткізіледі.

- Тұрғындар арасында COVID-2019 күдігімен бір оқиға тіркелуіне байланысты Қарағанды қаласындағы Ермеков көшесі, 106/1 мекен-жайы бойынша үйдің кіреберісінде карантин салынды. Пәтерлер мен кіреберіске дезинфекция жүргізілді. Полиция кіреберіске күзет орнатты. Дәрігерлер тұрғындардың денсаулығын үнемі қадағалап отырады, - деп хабарлады Қарағанды облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен.

Ешкім карантинді бұзбауы үшін кіреберіс уақытша бұғатталған. Полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлері үнемі кезекшілік етеді.

Тұрғындар үшін азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды тұрақты жеткізу, сонымен қатар қоқыс шығару ұйымдастырылды.

- Кіреберістің ішінде қалдықтарды жинауға арналған пластик контейнер қақпақпен жабылған. Қоқыс күніне екі рет шығарылады. Азық-түлік сағат 10.00-де және 17.00 "Аян" супермаркетінен өтінім бойынша жеткізіледі. Курьермен тікелей байланыс болмайды, тапсырыстарды полиция қызметкерлері береді, - деп түсіндірді қала әкімдігі.

14 күндік карантин аяқталғаннан кейін тұрғындар қалыпты күнделікті режимге орала алады. 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 31°C , ылғал 27%, қысым 723, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 414.46
Euro 451.35
Рубль 5.77

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары