www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

24 Наурыз 2020
Қашықтықтан спортпен шұғылдану

Спорт залдары жабық, бассейндер мен фитнес-клубтар жұмыс істемейді, алайда жас және белгілі-бір биіктерге қол жеткізген қарағандылық спортшылар қол қусырып отырмауда.

Олар үйде күн сайын жаттығады. Және басқаларды да шақырады.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы #antivirus челленджін іске қосты. Облыстың спорт мектептерінің тәрбиеленушілері жаттығуды тек залдарда, бассейндерде және манеждерде ғана емес, үйде де жалғастырады.
Жаттықтырушылар күн сайын оларға тапсырмалар береді. Ал тәрбиеленушілер өз тәлімгерлеріне бейнеесептерін жібереді. Жас спортшылар үй жаттығуларында жан-тәнімен жұмыс істейді.


"Біз әр спорт мектептерінің үй жұмыстары ретінде түсірілген бейнелерден жалпы роликтер жасауды шештік. Оларды төтенше жағдай аяқталғанға дейін оптимизмді, рух пен ерік күшін қолдау үшін таратамыз. Дендеріңіз сау болсын және спортпен айналысыңыздар!" - делінген Facebook-тегі спорт басқармасының ресми парақшасында.


Апта сайын әлеуметтік желілерде спорт басқармасы спортшылардың үй тапсырмаларын орындау бойынша роликтер жариялайды.
#antivirus челленджін Рио-де-Жанейро - 2016 Олимпиада ойындарының қатысушылары синхронды жүзуден ҚР ХДСШ Александра және Екатерина Немич; Рио-де - Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының қатысушысы, Токиода-2020 Олимпиадасына лицензия алған боксшы Абылайхан Жүсіпов; қарағандылық жас хоккейшілер мен велоспорт мектебінің тәрбиеленушілері қолдады.


Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Saryarqa телеарнасымен бірге халық үшін Қарағанды облысының жетекші спортшыларымен жаттығу арқылы роликтер дайындалады, атап айтқанда, бізді жаттығулармен спорттық акробатика бойынша Әлем чемпиондары Анастасия Долгонюк және Никита Амоскин таныстырады; күштік гимнастикадан өз дағдыларын шыңдауға спорттық акробатика бойынша Әлем Кубогының иегерлері Даниель Диль мен Вадим Шуляр көмектеседі; аға ұрпақ өкілдері жеңіл атлетикадан Азия чемпиондарымен бірге Махаббат Комкова мен Татьяна Мунтян және т.б жаттыға алады.
Сондай-ақ, жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға үміткерлермен сұхбат пен анонстық роликтер жазылады.

Қарағанды облысы Спорт басқармасының инстаграмдағы парақшасы: https://instagram.com/karsportregion?igshid=1jls02iex3hlp .
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 23°C , ылғал 21%, қысым 719, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 412.10
Euro 454.34
Рубль 5.82

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары