www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

28 Ақпан 2020
Алғыс айту күні қарсаңында Қарағандыда пәтер кілттері табысталды

Алғыс айту күні қарсаңында Қарағанды облысының меценаттары кейбір отбасыларға тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. "Қазақстан - достық пен бейбітшілік бесігі" іс-шарасында кілттер мен сыйлықтар табыс етілді. Оған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер, спортшылар және басқалары қатысты.
- Құрметті жерлестер, көктем қарсаңында сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтағым келеді! Төрт жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осы тамаша күн құрылды. Биылғы жылы біз үлкен оқиғаны тойлаймыз - бұл қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевқа 175 жыл, Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 75 жыл. Бүгін мұнда біздің ардагерлер қатысып жатыр, біз оларға жеңіс үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл. Барлықтарыңызды келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын, барлықтарыңызға амандық тілеймін және алғыс білдіремін, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Кәсіпкер Бекзат Алтынбеков Нұр-Сұлтан бизнесмендерінің атынан #жақсылықжасапжарысайық челенджін қабылдады және жалғыз өзі екі бала тәрбиелеп отырған І топтағы мүгедек Арайлым Алдамқұловаға пәтер кілтін табыс етті.
- Мен бұл эстафетаны Нұр-Сұлтан кәсіпкерлерінен қабылдадым. Бұл челлендж мұқтаждарға пәтер беруді көздейді. Қазақстанда әрбір отбасының өз баспанасы болуы тиіс. Біз, меценаттар мен кәсіпкерлер бұған көмектесуіміз керек. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Мен осы челленджге қуана қатысамын. Ал Алғыс айту күні қарсаңында Жезқазғаннан жалғыз басты анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін тапсырғым келеді. Және бұл челленджді Балқаштан келген кәсіпкерлерге жіберемін, - дейді Бекзат Алтынбеков.
- Мен осындай күні тұрғын үй иесі болғаныма өте қуаныштымын. Көп жыл бойы пәтер жалдап, жалғыз өзім екі баланы тәрбиелеудемін. Бірақ енді бізде өз үйіміз пайда болды, - деп өз қуанышымен бөлісті Арайлым Алдамқұлова.
Сонымен қатар мерекеде "ККК "Инжиниринг" ЖШС директоры Александр Кик Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Жүсіповке бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Ал шаруа қожалығының басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Шамиль Осин спортшыға Тұрмыстық техника сатып алуға 700 мың теңгеге сертификат табыс етті.

ҚХА атынан "Вайнах" облыстық шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Увайс Джанаев құттықтап, Балалар үйінің тәрбиеленушісі Елизавета Седышеваға Қазақ ұлттық музыкалық аспабын сыйлады.
- Баршаңызды Алғыс күнімен құттықтаймын! Біздің Отанымыз - Қазақстан үшін денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. "Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт!" - Алғыс айту күнінің негізгі посылкасының бірі. ХХ ғасырдың ортасында ондаған халық қазақ даласына күштеп жер аударылды. Осы қиын қыстау заманнан өткендер қазақтардың гуманизмін, жанашырлығы туралы айтады. Осы көмектің арқасында біздің ата-бабамыз аман қалды, бүгін өсіп, жаңа ұрпақ тәрбиеленуде. Осындай мереке қарсаңында біз Елизавета Седышеваға ҚХА мүшелерінің атынан сыйлық - Қазақ ұлттық аспабы - қобыз сыйлағымыз келеді. Ол туралы көптен бері армандайтынын білеміз, - деді Увайс Джанаев.
Шара соңында "Жерұйық" фильмі көрсетілді. Сламбек Тауекелдің халық драмасы әлемнің барлық эмигранттарына арналған және осы өлкеде болған барлық адамдарға Отан болған қасиетті қазақ жеріне ерекше алғыс болып табылады.
Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу басталды. Шақырылған ардагерлерге гүлдер, суреттер және мерекелік себеттер табысталды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 11°C , ылғал 52%, қысым 716, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 443.50
Euro 479.47
Рубль 5.79

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары