www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

20 Ақпан 2020
Гоголь атындағы кітапхана «Кешкі P.S.» библиосейшнге шақырады

Жыл басынан Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кешкі P.S.» жастар библиосейшні басталды.Енді әр айдың үшінші жұмасында кітапхана кешкі мәдени өмірді сүйетіндерге және уақытты пайдалы өткізгісі келетіндерге өз есігін ашады.
Кезекті «Кешкі P.S.» 21 ақпанда сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін өтеді. Кітапханада музыка мен өлеңдер шырқалады, келушілер театрландырылған қойылымдарды тамашалап, шешендік өнер үлгілерімен танысады және психологиялық ойындарға қатысады.
Бағдарламада:
- «Сенің аралың» шығармашылық студиясы. Қарағандылық дарынды музыканттар, ақындар, суретшілер және өз қаласын сүйетін ерекше тұлғалар өздерінің әдеби-музыкалық композицияларымен өнер көрсетеді.
- Сурдоаудармашы Дариға Ақбаевадан «Ымдау тілі бойынша шеберлік сабағы».
- «Шетелде білім алу». «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ербол Ембергеновпен кездесу.
- Т – ойын - трансформациялық ойындар. Бұл өзгерудің, жаңа қасиеттерді бойыңа сіңдіру, өзіңе басқа көзбен қарауға мүмкіндік береді. Оған психологиялық ойындар, зияткерлік, бизнес-ойындар кіреді.
Сондай-ақ, бағдарламаға «N - band шығармашылық жобасы» - музыканттар Павел мен Алена Нечаева қатысады, #ЧКимениЛеонаБаттиста, кәсіби жүргізушімен «мафия ойыны» және т.б. ұйымдастырылады.
Қызмет көрсету бөлімі өз оқырмандарын сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін қабылдайды. Кеш бойы «Bilim ortalygy» атты ңгімелесіп, достық орнатуға арналған еркін аймақ жұмыс істейді.
Кітапханада хабарлағандай, «Кешкі P.S.» негізгі идеясы – кітап оқуды насихаттау, қарым-қатынас, шығармашылық және демалыс үшін бос алаң ұйымдастыру болып табылады.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 40%, қысым 705, жел 13 м/с

Валюта бағамдары

USD 439.01
Euro 474.61
Рубль 5.75

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары