www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

20 Ақпан 2020
Басшыларға сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылатыны еске салынды

Қарағандылық мемлекеттік қызметкерлер қол астындағы мамандарға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік қатаң болатынын еске салды. Бұл мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысында талқыланды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берік Ахметов тағы да түсіндірді.
- Өздеріңіз білетіндей, заңда басшы лауазымындағы тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының оларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу бойынша лауазымдық өкілеттіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі туралы нормалар бекітілген. Өзгертулерге сәйкес, бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей қарамағындағыларға қатысты қылмыстық істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы сот үкімінен соң 10 күнтізбелік күн ішінде лауазымынан кетуге міндетті, - деді Берік Ахметов.
Ол сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер егер олардың қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны туралы еске салды.
Сонымен қатар Берік Ахметов мемлекеттік қызметшілердің жұмыс күнінің ұзақтығы тақырыбын да қозғады. Қызметкерлер жұмыста тиісті уақыттан көбірек кідіруге мәжбүр болған жағдайлар жиі кездеседі. Бұл жағдайды түзету үшін ол мемлекеттік мекемелерден жұмыс уақытын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ жоспардан тыс кеңестерді аз өткізу және қызметкерлерге икемді жұмыс кестесін қамтамасыз ету керектігін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қараша айында қол қойды. Ол саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкасын және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін тәртіптік жауапкершілікті қарастырады. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихында басшылардың қол астындағы қызметкерінің заңға қарсы әрекеттері үшін жауапкершілігін ресми түрде бекітетін бірінші заң болып табылады.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 11°C , ылғал 52%, қысым 716, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 443.50
Euro 479.47
Рубль 5.79

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары