www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

20 Ақпан 2020
«Қарағанды облысының әрбір екінші кәсіпкері - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қатысушысы»

Қарағанды облысының әрбір екінші кәсіпкері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қатысушылары болып табылады. Бұл туралы брифингте Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева мәлім етті.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үш жыл толды. Осы уақыт ішінде жобалар саны 2019 жылы 200-ден 1000-ға дейін өсті. Және де бұл жай ғана ресми есептер. Облыс тұрғындары өздерінің қызықты идеяларын ұсына бастады, біз оларды қолдай бастадық. Бізде азаматтық бастамалар күні пайда болды, адамдар облыста өмір сүруді қалай жақсартуға болатыны туралы өз ұсыныстарымен келеді. 25-тен астам жоба қаржыландырылды және іске асырылды. Қайырымдылық акцияларға қатысатын әлеуметтік жобалар мен адамдар саны арта бастады. Біздің жасаған сараптамалық бағалауымызға сай, облысымызды әрбір екінші кәсіпкері – осы бағдарламаның қатысушысы болып табылады. Әлеуметтік жобалардың көпшілігін меценаттар мен еріктілер жүзеге асырады. Яғни, 88 000 кәсіпкерлік субъектілерінің жартысы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысатын кәсіпкерлеріміз», - дейді Гүлнәр Құрбанбаева.
Оның айтуынша, бағдарлама – бұл кез келген адам өз бастамасы бойынша жүгіне алатын нақты алаң. Және оның идеясы қолдау табуы мүмкін. Бірігіп, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге, мұқтаж адамдарға көмектесуге болады.
- Жыл сайын тұрғындармен, кәсіпкерлермен, кәсіпорындардағы қызметкерлермен, ҮЕҰ-мен маңызды мәселелер туралы түсініктеме беру және ол туралы айту үшін Жобалау кеңсесі 100-ден астам кездесулер өткізеді. Бүгінгі біздің өңірде және жалпы елімізде бар міндеттерді бірге шешейік. Біз өңірдегі 431 елді мекеннің барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысқанын қалаймыз. Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың күш - жігерін біріктіріп, бағдарламаны облыс тұрғындары үшін неғұрлым қызықты ету үшін жұмыс жасауымыз қажет, - дейді ол.
Қарағанды облысы әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Бекзат Алтынбеков ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді. Оның айтуынша, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне көп көңіл бөлінбек.
- Биыл өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылады. Мысалы, Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Абайдың інілері - қазақтың ірілері» атты поэзия күнін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, биылғы жылы Қарағанды облысының 100 жаңа есімі анықталып, әр аудан мен қала бойынша көрнекті тұлғалардың тізімі жасалады. Сондай-ақ, қасиетті орындардың сайты және оларға жолсілтемелер жасалады. Сондай-ақ, «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумын өткізу жоспарда бар, - деді Бекзат Алтынбеков.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының ережелері негізінде әзірленді. Онда ұлттың жаңа тарихи кезеңдегі негізгі мақсаты белгіленген: рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту, әлемнің дамыған 30 мемлекеті қатарына кіру.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 40%, қысым 705, жел 13 м/с

Валюта бағамдары

USD 439.01
Euro 474.61
Рубль 5.75

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары