www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

27 Қаңтар 2020
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру сұрақтары бойынша Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі белгіленді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы мемлекеттік саясаттың ең маңызды басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін облыс әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып Алтынбеков Бекзат Қомарұлы белгіленді.
Алтынбеков Бекзат Қомарұлы 1973 жылы 8 сәуірде Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тарих факультетін, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің құқықтану факультетін тәмамдады. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Алтынбеков Бекзат Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, "Мирас" қоғамдық кеңесінің төрағасы, Жезқазған қаласының Қазақ қатынас жолдары университетінің қашықтықтан оқыту және кәсіптік бағдар беру орталығының директоры, кәсіпкер.
ҚР "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", ҚР Білім министрлігінің "Білім меценаты", "Ұлт мақтанышы" медалінің, "Алтын жүрек" ұлттық сыйлығының, "Бірлік", "Шапағат" медальдарының, Қазақстан мұғалімдер Кеңесінің "Қоғам қайраткері", "Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты" медальдарының иегері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Жыл тұлғасы" номинациясының иегері.
Алтынбеков Бекзат Қомарұлы көптеген қайырымдылық, демеушілік іс- шаралардың, әлеуметтік жобалардың ұйытқысы, ұйымдастырушысы ретінде тұрақты жұмыс жасап келеді. Соның бір көрінісі, 2019 жылы Бекзат Қомарұлы ұйымдастырған ғылыми - шығармашылық саланың өкілдерін қолдау мақсатында, жалпы көлемі 8 млн.теңгені құрайтын «Тұлға» сыйлығын тағайындауы.
Алтынбеков Бекзат Қомарұлы қазақстандық патриотизмді іс жүзінде ұстанудың үлгісі ретінде өзінің қажырлы еңбегі мен халқына деген қалтықсыз қызметі арқылы ұрпаққа үлгі болып жүрген азамат.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -11°C , ылғал 85%, қысым 725, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.77
Euro 408.46
Рубль 5.95

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары