www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

27 Қаңтар 2020
Қарағанды облысында Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі тағайындалды

Қарқаралы ауданында әкімнің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметті Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуден өткен Дидар Қабаев атқаратын болады. 31 жасар жаңа орынбасар осы ауданның тумасы. ҚарМТУ мен Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында инспектор қызметінен бастады.
2013-тен 2016 жылға дейін «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының алдымен міндетін атқарушы, сонан соң бас маманы қызметін атқарған.

2016-дан 2018 жылға дейін «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының меңгерушісі болған.
2018 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт ретінде кадр резервін құру туралы ойды ортаға салған болатын.
Бұл неғұрлым даярланған және тәжірибелі жастарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметтер атқаруға мүмкіндік береді. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған кезде Президенттік Жастар кадрлық резерві резервшілерінің кандидатуралары қаралатын болады.
Іріктеуге барлығы 13 мыңнан астам жас қазақстандық қатысты. Қорытынды тізімге ұлттық комиссия 300 адамды іріктеп алды. Оның жетеуі Қарағанды облысының өкілдері.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -11°C , ылғал 85%, қысым 725, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.77
Euro 408.46
Рубль 5.95

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары