www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

27 Қаңтар 2020
Қарағанды облысында мектептерді дамытудың бесжылдық жоспары әзірленді

Қарағанды облысында жаңа оқу жылына қарай көшедегі мектеп дәретханалары толығымен жойылады. Ал 2020 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп асханаларында отбасының материалдық жағдайына қарамастан төменгі сынып оқушылары тегін түскі ас алады. Сонымен қатар, облыста білім беру нысандарын жөндеу, салу және қайта жаңарту бойынша бес жылдық бағдарлама қабылданды. Бұл туралы аппарат кеңесінде аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
- Біз орта білім беру нысандары бойынша Жол картасын қабылдадық. Бес жыл ішінде жыл сайын облыстық бюджеттен мектептерді жөндеуге және ұстауға 10 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, апатты ғимараттарды толықтай жойа аламыз, - деді облыс әкімі.
Жыл соңына дейін облыстың барлық мектептері бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Алдағы жөндеу жұмыстары аясында аулалық құрылыстар қалған мектептердегі үй-жайлардың ішінде жылы және ыңғайлы дәретханаларды жайластыруға қаражат қарастырылған.
2020 жылы Ұлытау ауданының Бетбұлақ ауылында жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлады Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.
Ол мектепке дейінгі білім берудің дамуы туралы айтты. Биылғы жылы бір балаға жұмсалатын шығындар жан басына шаққандағы қаржыландыру нормаларына дейін - 21 190 теңгеден орта есеппен 29 300 теңгеге дейін толық жеткізіледі, деп хабарлады баяндамашы.
Облыс бойынша 14 жаңа балабақша ашу жоспарлануда, оның 12-і жеке меншік. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы 2 жастан бастап балаларды қамтуды ұлғайту мүмкін болды, деп атап өтті ведомство басшысы.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -11°C , ылғал 85%, қысым 725, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.77
Euro 408.46
Рубль 5.95

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары