www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

24 Қаңтар 2020
Қарағандылықтарды қаңтар айының соңына дейін тағы да боран мен қар жауатыны туралы ескертеді

Қарағанды облысында синоптиктер келесі аптада қатты боран соғып, қалың қар жауады деген болжам бар. Тұрғындардан сақтық шараларын ұстануды және алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды сұрайды.
- Ауа райы уақытша тынышталды. 25 және 26 қаңтарда, болжамға сәйкес, кей жерлерде қар жауып, 9-14 м/сек жылдамдықпен жел соғады. Бірақ 26 қаңтар күні ауа райының қайта нашарлауы күтіледі. 27 және 28 қаңтарда облыс бойынша, болжам бойынша, қар жауады, кей жерлерде ақ ұлпа мөлшері өте үлкен болады деп күтілуде, қатты желмен – 15-20 м/сек, 28 м/сек дейін екпіні болуы мүмкін, - деді ТЖД-де өткен брифингте "Қазгидромет" РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы директорының м.а. Ерлан Нұрбаев.
29 қаңтарда ауа райы жақсарады деп күтілуде. Синоптиктердің болжамы бойынша, 30-31 қаңтарда қар жауып, аяз болады.
- Антициклон келіп, ауа температурасы төмендейді – орташа есеппен алғанда түнде 17-22 градус аяз, күндіз 10-15 градус аяз болады.
Синоптиктер мұндай ауа райын Атлантикалық циклондармен байланыстырады.
"Қазгидрометтің" филиалы басшысының айтуынша, Қарағандыда қаңтар айының басынан бері екі айлық қар мөлшері түсіп, облыстың кейбір аудандарында төрт айлық қар жауған.
Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын ауа райының өзгерістерін мұқият бақылап отыруды сұрайды. Дауылды ескерту, автожолдардың жабылуы туралы ақпарат жедел орналастырылатын "Дармен" мобильді қосымшасын орнатуды ұсынады.
- Жүргізушілер өз автокөліктерінің жарамдылығын мұқият тексерулері қажет. Ауа-райы нашарлаған жағдайда сапарлардан, сондай-ақ алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартыңыздар, - деді облыс ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов. - Автожолдарды жабу кезінде блок-бекеттерде қалуға болмайды. Бұл кептеліске алып келеді және отын шығыны жүреді. Елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде ауа райының жақсарғанын күтіңіздер.
Ведомствоның ақпараты бойынша, соңғы екі тәулік ішінде облыс аумағында 158 адам, оның ішінде 4 бала қар құрсауынан құтқарылды. 30 бірлік техника қалың қардан шығарылды. 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -1°C , ылғал 78%, қысым 722, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 381.10
Euro 420.81
Рубль 5.65

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары