www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

21 Қаңтар 2020
Қарағандылық Давид Ефремов 60 метрге жүгіруде жаңа рекорд орнатты

Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Қарағанды құрамасы бірінші орынға ие болды. 21 жасар қарағандылық Давид Ефремов 60 метрге жүгіруде елдің рекордшысы атанды.
Бұл дистанцияда отыз жыл бойы Андрей Гутовтың рекордын ешкім жара алмаған болатын. 1992 жылы жеңіл атлет 7,78 с ішінде 60 метр жүгірді.
Давид Ефремов бұл көрсеткіштен асып түсіп, аталмыш қашықтықты 7,67 секіндта жүгіріп өтті. Қарағандылық спортшы наурыз айында Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатына нормативті орындады. Жерлесімізді Николай Барсанов жаттықтырады.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан Қазақстанның XXIX чемпионаты 17-18 қаңтарда Өскемен қаласында Ольга Рыпакова атындағы спорт манежінде өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 260 спортшы қатысты.
Біріншілікте нәтижелерді бағалау үшін алғаш рет Finish LYNX «ақылды» жабдығын пайдаланды. Оның көмегімен спортшылардың нақты қадамдастыру және фотофиниші анықталды, ал барлық деректер автоматты түрде экранда көрсетіліп отырды.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қарағанды облысының спортшылары көш бастады. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының спортшылары, үшінші орынды Қостанай облысының спортшылары иеленді.
Қарағанды атлеттері 27 медальға ие болды, оның ішінде 8 алтын, 13 күміс, 6 қола.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеңіл атлетикадан әлем жарыстарында ел намысын қорғайтын болады. Үздік атлеттер 12-13 ақпанда Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -11°C , ылғал 85%, қысым 725, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.77
Euro 408.46
Рубль 5.95

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары