www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

13 Желтоқсан 2019
Қарағандылық кәсіпорындар үздіктер қатарында

Қарағанды облысының бес кәсіпорны республикалық байқау жеңімпаздарының тізіміне енді.
13 желтоқсанда елордада ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы байөауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясында лауреаты «Бёмер Арматура» ЖШС атанды.
«Бёмер Арматура» - Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорын. Компания неміс технологиясы бойынша шарлы бекіту арматурасын өндіреді. Өнім мұнай-газ секторында және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында сұранысқа ие. Бес жыл ішінде компания экспортқа шығып, бекіту арматурасын Санкт-Петербургке жеткізеді. Кәсіпорын елдің орталық және солтүстік бөліктерін газбен қамтамасыз ететін мегажобаны – «Сарыарқа» газ құбырын салуға арналған жабдықтар өндірісіне қатысады.
Сондай-ақ, Алтын Сапа сыйлығымен қатар «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық көрме-конкурсының, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2019» байқауының марапаттары табыс етілді. Барлығы 6 сыйлық болды: «Іскерлік Жетілдіру», ALTYN OIMAQ, «ІСКЕР», «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ», «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз», «Алтын Сапа».
«Шахтерское» ЖШС Қарағанды компаниясы «Іскер» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының арнайы сыйлығына ие болды. 2001 жылы құрылған компания қазір Қарағанды облысының ірі агроөнеркәсіптік кешендерінің бірі болып табылады. Оны инвестициялық көшбасшы деп тануға болады, 2019 жылы ЖШС өндірісті дамытуға 1,7 млрд теңге салды.
«Іскер» сыйлығымен басқа да танымал Қарағанды компаниясы – «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС марапатталды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауы да қарағандылық кәсіпорындардың еңбегін мойындады. Жеңімпаздар қатарында - металлургиялық өндіріс қалдықтарын – домна шлактарын өңдеуші «АлбаСтройДор» ЖШС және «ПИК ЮТАРИЯ LTD» ЖШС жеңіл өнеркәсіп саласының көшбасшысы бар.
Естеріңізге сала кетейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Энергетика министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп 10 жылдан астам уақыт өткізіп келеді.
2015 жылдан бастап ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауды және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын ұйымдастырушы «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы болып табылады.


Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -9°C , ылғал 84%, қысым 713, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.42
Euro 417.41
Рубль 6.09

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары