www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

07 Желтоқсан 2019
Қарқаралы ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Қарқаралы ауданының жаңа әкімі болып Эльдар Дүйсетаев тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Эльдар Дүйсетаев - 1981 жылы дүниеге келген, Қарқаралы ауданының тумасы. Үш жоғары білімі бар. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы - Қарағанды экономикалық университетін, 2019 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша - Оңтүстік Калифорния университетін бітірген. Біліктілігі бойынша тарих оқытушысы, менеджмент бакалавры, халықаралық мемлекеттік саясат және менеджмент магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Қарқаралы қаласының №2 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2010 жылға дейін Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істеді, онда жетекші маманнан бөлім меңгерушісіне дейін қызмет еткен.
2010 жылдан 2014 жылға дейін орталық мемлекеттік органдарда және оның аумақтық бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда болды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қарқаралы ауданының бұрынғы әкімі Халел Мақсұтов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -9°C , ылғал 84%, қысым 713, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.42
Euro 417.41
Рубль 6.09

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары