www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

06 Желтоқсан 2019
Алик Шпекбаев пен Жеңіс Қасымбек жас қарағандылықтардың сұрақтарына жауап берді

 Қарағанды облысы өткен Жастар жылын қорытындылады. Салтанатты шара Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтті. Мұнда атақты қарағандылықтар, жастар көшбасшылары, студенттер,волонтерлер жиналды.

Өңірдің жас тұрғындарыменСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті. Бас қосу диалог фомасында өтті. Алик Шпекбаев пен Жеңіс Қасымбек сұрақтарға жауап берді. Жастар өз табыстарымен бөлісті.

- Мен Шет ауданында туып-өскенмін, бала кезімнен бизнесмен болуды армандадым, әрдайым ата-анамды қамтамасыз етуді қалаймын. Қытайда "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыдым. Енді менің бизнесім бар, компанияда 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Өзімнің басты жетістігім деп БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлегенімді қатысатынымды айта аламын. Жастарға қазір өсу мен даму үшін барлық мүмкіндіктер бар деп айтқым келеді, тек оларды дұрыс пайдалану керек. Ең бастысы – өз арманын табу, мақсат қою және оларға қол жеткізу, - дейді жас кәсіпкер Олжас Сүлейменов.

Сондай-ақ, осы кездесуде 16 жас азаматтары облыс әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Олардың қатарында дәрігер Екатерина Пурит те бар.

- Жазда мен Қарағанды медицина университетін акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітіріп, өз туған жеріме оралдым. Онда бізде дәрігер-мамандар жетіспеді. Қазір Сәтпаев қаласының № 1 орталық ауруханасында жұмыс істеймін. Өз Отаныма пайда әкелсем деймін, біздің қаланы көтеруге көмектесемін және жаңа өмірдің туылуына септігімді тигіземін, - дейді Екатерина Пурит.

- Мен жұмыс сапарымның аясында Қарағанды облысының жастарымен де кездескеніме қуаныштымын. Біздің кездесуіміз ашық форматта өтіп жатқаны жақсы. Баршаңызға үлкен биіктерге жетуді тілеймін. Ол үшін оқу керек және көп еңбек ету керек. Тек осылай ғана мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыздар, - деді Алик Шпекбаев.

Қарағанды облысында Жастар жылында көптеген жобалар жүзеге асырылды. Бұл жастардың өзекті мәселелерін шешуге көмектесті. Оның ішінде жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру секілді шаралар қарастырылды.

Биыл облыста жастар саясатын қаржыландыру көлемі 50,6%-ға – 878 млн.теңгеге дейін артты.

20 мыңға жуық жастар жұмысқа орналаты. «Дипломмен ауылға!» жобасының арқасында 482 жас маман ауылдық аудандарға көшті. Биыл «Жасыл Ел» жасақтарында 2000-ға жуық адам еңбек етті.

Өңірде өз ісін ашуға 246 жас кәсіпкерге шағын несие берілді. Тағы 1 054 адам мемлекеттік грантқа ие болып, өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыра алды.

Осы жылы Қарағанды қаласында өткен ауыл жастары форумы, ІТ-форум және «Терриконовая долина» хакатоны мен алғаш рет Республикалық жас жазушылар мен ақындар форум өтті. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге арналған мектеп ұйымдастырылды. 21 хоккей корты, 10 Street Workout алаңы, Абай ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Алғаш рет өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар үшін шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.


Жастар жылының жабылу салтанаты Қазақстан эстрада жұлдыздарының, әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -9°C , ылғал 84%, қысым 713, жел 12 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.42
Euro 417.41
Рубль 6.09

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2020 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары