www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

19 Қараша 2019
Қарағанды облысының әкімдігінде мемлекет қайраткері Мұхамбет Көпеевті мерейтойымен құттықтады

Қарағанды облысының әкімдігінде мемлекет қайраткері Мұхамбет Көпеевке құрмет көрсетілді. Оны 70 жылдығымен өңір басшысы Жеңіс Қасымбек құттықтады.

- Сіз елдің дамуы үшін, халықтың игілігі үшін көп жұмыс жасадыңыз. Еңбек жолыңызды Жезқазған шахтасында қарапайым жұмысшыдан бастаған едіңіз. Осындай биіктіктерге қол жеткізе алдыңыз. Сенат төрағасының орынбасары болып жұмыс істедіңіз, Төтенше жағдайлар министрлігін басқардыңыз. Сіздердің барлық еңбектеріңіз атап өтілді. Сізге және сіздің отбасыңызға денсаулық және амандық тілеймін! - деді Жеңіс Қасымбек.

Мерейтой иесін құттықтауға оның достары мен серіктестері: Сағадат Дүйсебек, Рымбала Омарбекова, Кенжебай Сатжанов, Михаил Шаекин және Оралхан Төрегожин келді.

- Ол жақсы өмірлік мектептен өтті, оның жақсы тәжірибесі бар. Мәжіліс пен Сенатта жұмыс істеген кезде Жезқазған мен Ұлытаудың дамуына қатысты мәселелерді көтерді, - деті Еңбек ардагері Сағадат Дүйсебек өз құттықтау сөзінде.

- Осындай биіктерге жету үшін адал еңбек етіп, үлкен адами қасиетке ие болу керек. Сіз Жезқазған мен бүгінгі Елордамыздың дамуы үшін қыруар еңбек еттіңіз, - деп атап өтті мерейтой иесін құттықтай отыра, Рымбала Омарбекова.

15 қараша күні Мұхамбет Көпеев 70 жылдығын атап өтті. Оның айтуынша, облыс әкімдігіндегі кездесу ол үшін өте маңызды болды.

- Кез-келген адамдар секіллі, менде де жүрегім жақсы көретін орыным бар. Бұл менің кіші Отаным. Біз мұнда дүниеге келдік, өстік, көп нәрсеге қол жеткіздік. Бұл кездесуге келгендеріңіз үшін және құттықтауларыңыз үшін барлығыңызға алғыс айтамын, - деді Мұхамбет Көпеев.

Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, бұрын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі экс-министрі. Ол 1949 жылы 15 қарашада Жезқазған облысының Рудник кентінде дүниеге келген.
Өзінің еңбек жолын 1972 жылы шахтаның тау-кен шебері болып бастаған, кейін Жезқазған шахталық жол тресінің комсомол комитетінің хатшысы болған.
1976 жылдан 1991 жылға дейін партиялық кеңес жұмысында қызмет атқарған.
1991-1995 жылдары Қаражал қалалық әкімшілігінің басшысы - Жәйрем-Атасу жиынтық экономикалық аймағының Әкімшілік кеңесінің төрағасы болды.
1995-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
1999 жылы Мәжіліс депутаты болып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды.
2004 жылғы қазанда депутаттық өкілеттілігін тоқтатты.
2004 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
2005 жылғы 11 тамызда жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
2005 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
2011 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының өкілеттігі тоқтатылды.
ІІІ дәрежелі "Парасат" және "Барыс" ордендерімен марапатталған. 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -4°C , ылғал 88%, қысым 721, жел 9 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары