www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

12 Қараша 2019
Қарағанды облысына жұмылдырылған инвестиция көлемі жыл басынан 1,7 есеге артты

Қарағанды облысының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 1,7 есе өсіп, 611,2 млрд. теңгені құрады. Соңғы 10 айдағы өңірдің даму қорытындылары жайлы бүгін аппараттық жиналыста мәлімделді.

Экономика басқармасы басшысының орынбасары Айжан Дүрсіннің айтуынша, негізгі экономикалық көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда өсті.
- Биылғы жылдың 10 айында облыста 2,1 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық. Сондай-ақ түсті металлургия мен фармацевтика өндірісінің көлемі өсті. Тау-кен өнеркәсібінде металл кендерін өндіруді арттыру есебінен өсім 12,9% құрады, - деді ол.
Биыл өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 2,1 есеге артты. 354,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 103,3% құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 0,2 пайыз төмен.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,3%-ға артты.
Жеңіс Қасымбек өңдеу өнеркәсібі мен қара металлургиядағы өндіріс көлемін арттыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, ол келесі жылы тұрғын үй құрылысының ауқымын айтарлықтай арттыру қажеттігін еске салды.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -4°C , ылғал 88%, қысым 721, жел 9 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары