www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

12 Қараша 2019
Қарағанды облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы Қанат Асқаров болды.
Қанат Асқаров 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын дәрігер-гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде экономика бакалавры дәрежесін алды. 2014 жылы техника және технологиялар бакалавры болды. «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысының СЭҚ радиологиялық зертханасының техник-дозиметрисі лауазымынан бастады.
2003 жылы Қарағанды облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің санитарлық қадағалау бөлімінің жетекші маманы болды.
2006 жылы Қаражал бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басқарма бастығы қызметін атқарды. 2006-2008 жылдар аралығында Теміртау қаласында басқарманы басқарды.
2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болды.
2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қарағанды облыстық медициналық көмек станциясының директоры қызметін атқарды.
2018 жылы «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық авиация орталығы» РМК Алматы бойынша өкілдігінің директоры болып тағайындалды.
Қазіргі тағайындалғанға дейін Саран орталық ауруханасының директоры болып жұмыс істеді.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -4°C , ылғал 88%, қысым 721, жел 9 м/с

Валюта бағамдары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары