www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

23 Қазан 2019
Қарағандыда «Әлем Сарыарқаның мылқау суретшілерінің көзімен» атты көрме ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Әлем Сарыарқаның мылқау суретшілерінің көзімен» атты қолөнер және бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды. Бұл көрме 1993 жылдың 15-ші маусымында Тұңғыш Президенттің жарлығымен бекітілген Қазақстанның мүгедектер күніне орайластырылған.

- Біздің мәдениет үйінде түрлі жанрдағы – театр, би, ән айту, сурет және қолөнер сияқты 14 түрлі үйірме жұмыс жасайды. Мына көрмеге облыс бойынша барлық авторлардың түрлі стиль мен жанрдағы 100 аса туындылары қойылған. Олардың арасында Сергей Щеголихин, Александр Лапин және Сәкен Ысқақов сияқты суретшілердің де жұмыстары бар, - Облыстық мылқаулар МҮ жетекшісінің м.а. Әсет Әмірбеков.

Бұл экспозицияда кескіндеме, шарж, қолөнер мен бутафория жинақталған. Мылқау суретшілердің көрмесі – бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылығына назар аударудың тағы бір мүмкіндігі. Мұндай көрмелер енді екі жылда бір өткізіледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, бұл есту қабіліетінде кемшіліктер бар адамдардың қатысуымен өтетін жалғыз шара емес.

Келесі жылы біз Қазақ саңыраулар қоғамымен бірлесе республикалық қимыл мен ән сайысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір кез келген адам ерекше суретшілердің жұмыстарын тамашалап, оларға баға беріп, әрқашанда шығармашылыққа орын барын түсіне алады, - дейді Әсет Әмірбеков.

«Әлем Сарыарқаның мылқау суретшілерінің көзімен» атты көрме 28 қазанға дейін жалғасады.

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -11°C , ылғал 38%, қысым 727, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары