www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

23 Қазан 2019
Қарағанды облысында отадан соң оңалту кезегі азайды

Қарағанды облысында хирургиялық оталардан соң оңалту бойынша кезек азайды. Бұған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарласы аясындағы пилоттық жобаны енгізу арқылы қол жеткізілді.
Енді хирургиялық отадан өткен науқастарды қалпына келтіруге көп көңіл бөлінеді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында МӘМС енгізумен Қарағанды облысының емханаларында осы мақсаттар үшін 393,290 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыны Мақажанов атындағы емхана, «Тұлпар» қалпына келтіру орталығы, «Луч» нейрооңалту орталығы және басқа да медициналық мекемелер алды.
Бүгінде Мақажанов атындағы емхананың травматология және ортопедия бөлімінде қалпына келтіруді қажет ететіндер үшін күндізгі ем қабылдау бойынша қосымша орындар бөлінген. Биылғы жылдың қыркүйек айының басынан бастап мұнда 29 науқас оңалтудан өткен. Емделуге кезек үш-төрт айдан бірнеше күнге дейін қысқартылған.
- Дәрігердің қарауынан соң келесі күні мен оңалтудан өте бастадым. Бүгін жетінші күн, нәтижелер жақсы. Ота жасағаныма екі ай өтті, дегенмен бүгінде мен балдақсыз таяқпен жүре аламын, - дейді сынудан соң жамбас мойнына эндропротез орнатылған Лилия Анисько.
Медициналық сақтандыру жүйесін енгізілуімен науқастар оңалтудан күні бойы қабылдау жүргізетін емханаларда ғана емес, сонымен қатар күндізгі стационарда немесе үйдеде өте алады. 2020 жылдан бастап оңалту емдерінің қатарына емдік-дене шынықтыру кешені, физиоемдеулер мен медициналық көмектің басқа да түрлері енгізіледі.

 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -11°C , ылғал 38%, қысым 727, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары