www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

22 Қазан 2019
Ауыл кәсіпкерлері әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесуде

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Үштөбе ауылында кәсіпкерлері бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Бұл жерде жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Сонымен қатар жергілікті бизнесмендер спорт нысандарының құрылысына қаржы салды.
Аудан әкімі Шағурашид Мамалиновтың айтуынша, бұл мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әріптестігінің жақсы үлгісі болып табылады.
50 орындық «Супер Ботақан» балабақшасы бұрыңғы тұрғын үй орнында ашылды. Жобаны Мөлдір Бердалиева мен Арыстан Құсайынов отбасылық кәсіпкерлердің жұбы жүзеге асырды. Үй-жайды жөндеуге және қажетті жабдықтарды сатып алуға ерлі-зайыптылар банктен несие алған. Аудандық билік құжаттарды ресімдеуге көмектесті.
Балабақша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасына кірді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша аудандық бюджеттен бір балаға 30,3 мың теңгеден шығындар өтеледі. Субсидиялардың арқасында ата-аналарға ай сайынғы төлем айына 9 000 теңгені құрайды.
Балабақша иелері ауыл тұрғындарына 12 жаңа жұмыс орнын ашты.
- Бүгінгі таңда бизнес өзара тиімді шарттарда әлеуметтік жобаларды іске асыруға қаражат жұмсауда. Өткен жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша Көкпекті ауылында балабақша ашылған болатын. Келесі кезекте Үштөбе болды. 2020 жылы Ботақара аудан орталығында, Ғ. Мұстафин кентінде, Петровка ауылында жаңа жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер ашу жоспарлануда, - дейді Шағурашид Мамалинов.
Осылайша, балабақшаларға кезекте тұрғандар мәселесі шешілуде, деп атап өтті ол.
Үштөбеде сонымен қатар жеке инвестицияларға екі спорт кешені салынуда. Олардың біреуі бос тұрған жерде, екіншісі бұрынғы кафеде орналасады. Олардың ашылуымен спорт инфрақұрылымы ауылдықтар үшін қолжетімді болмақ. Аудандық билік бұл нысандарды МЖӘ бағдарламасына қосуға уәде берді.
www.bukhar-zhirau.kz
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -11°C , ылғал 38%, қысым 727, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары