www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

16 Қазан 2019
Қарағандыда түрлі халықтардың нан өнімдері фестивалі өтті

Халықаралық нан күні жыл сайын 16 қазанда ғаламшардың әр бұрышында тойланады. Қарағанды қаласы да мейрамын тойлаудан тыс қалған жоқ. Шараның мақсаты – дастарханымыздың басты тағамына құрмет көрсету және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне назар аудару.
Қарағанды Медицина университетінің студенттері мереке күні Нан фестивалін өткізді. Олар түрлі ұлттардың нан өнімдері қойылған үлкен дастархан жайды. Мұнда өзбек және түрік шелпектері, неміс бәліштері, орыс ватрушкалары, үнді шапаталары және т.б. болды.
Дастарханның ортасында қазақ ұлттық нан өнімдері қойылды. Қазақтар қуғын-сүргіннің ауыр жылдарында әртүрлі этнос өкілдерімен өздерінде бар азғантай ғана нанмен бөлісіп, оларға баспана беріп, аштықтан құтқарған.
Фестиваль ұйымдастырушылары Қарағанды облысы еліміздің астық қорына өз үлесін қосады дейді.
- Біз әр түрлі халықтардың аспаздық дәстүрлерін көрсетіп қана қоймай, диқаншылардың еңбегі мен дастарханымыздың басты өнімдерінің біріне ұқыптылықпен қарауымызға көңіл бөлгіміз келеді. Біздің көптеген студенттер - ауыл аймақтардан келген жастар. Оларға бидай өсіру және нан пісірудің қандай зор еңбек екені белгілі, - деді Медицина университетінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Айгүл Оңғарбаева.
Шара соңында аспаз студенттер марапатталды. Қатысушылардың пісірген өнімдер жиналған қауымға таратып берілді, фестивальге келген көрермендер әр түрлі нан өнімдерінен дәм артып көрді.
Дүниежүзілік нан күні (World Bread Day) 2006 жылы Халықаралық наубайханалар одағының бастамасымен құрылған. Бұл күнді таңдау 1945 жылдың 16 қазанында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының құрылуымен байланысты. Дүниежүзілік нан күні – бұл осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Сонымен қатар Дүниежүзілік азық-түлік күні атап өтіледі.
Қызықты деректер:
Нан 5000 жыл бұрын Ежелгі Мысырда пайда болды. Аңыз бойынша, ол бр бай адамның құлы жіберген қателіктің салдарынан пайда болған тағам. Ол қамырды түні бойы жылы жерде қалдырып ұмытып кеткен екен. Наубайшы оны пешке салып, нәтижесінде дәмді шелпек шыққан.
XIV ғасырда ағаш ыдыстар пайда болғанға дейін нан қабықтары тәрелкелердің орнына пайдаланылған. Ал тамақтан кейін олармен малды азықтандырған.
Үйлену тойларын дайындауға бақытты неке құрған және көп балалары бар әйелдер қатысқан. Олар қамыр илеп, бидай масақтары мен шеңгел жидектерінен әшекейлер жасады. Бірақ пешке таба нанды тек ер адамдар ғана салған.
Парижде Сальвадор Далидің 100 жылдығына орай Монмартрдағы мұражайда суретшілер нан бөлмесін жасаған. Онда кереуеттен, буфеттен бастап люстраға және кілемге дейін барлығы қамырдан жасалған.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -11°C , ылғал 38%, қысым 727, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары