www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер

Облыс жаңалықтары

16 Қазан 2019
Қарағанды облысы «Мұражайлар шеруі» республикалық акциясына қосылды

Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтіп жатқан «Мұражайлар шеруі» республикалық акциясына қосылды. Келесі жылдың соңына дейін аймақтың мұражайларында тегін көрмелер мен іс-шаралар өтеді.
Осы жұма күні, 18 қазанда Қарағанды облыстық өлкетану мұражайында «Музей променад» өтеді. Іс-шара 19.00-де басталып, түнге дейін жалғасады. Бағдарлама аясында сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтар, «Көшпенді өркениет мұрасы» халықаралық қоғамдық қорының маманы Қыдырғали ұлы Дайыр өткізетін түрік сауаттылығы бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылады. Қонақтар үшін «Латын қарпінде жаз» интерактивті алаңы, «Киіз үй» және «Геолог шатыры» интерактивті фото аумақтары жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, мұражайда «Білім аңдушылар», «Мұражай қазынасы» квест-ойындары ұйымдастырылып, викториналар мен байқаулар өткізіледі. Кіру тегін болады.
22 қараша күні кешке Теміртау Тұңғыш Президент мұражайында «Үлкен жолдың кезеңдері» атты іс-шара өтеді.
21 желтоқсанда эстафетаны Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы қабылдайды. Мұнда жаңа жыл алдындағы «Мұражайдағы түн. Жаңа жылдық әбігер» викториналар, байқаулар және интерактивті ойындар өткізіледі.
Келесі жылдың қаңтар айында Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы «Қысқы ғажайыптар мен қамқорлық» іс-шарасын өткізеді.
2020 жыл бойы республикалық акцияға Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы, Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы, сондай-ақ Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Осакаров аудандарының, Жезді және Ақжол, Егіндібұлақ кенттерінің мұражайлары және басқалар қатысады.
«Мұражайлар шеруі» республикалық акциясы тамыз айының соңында басталды. Алдымен оны Ақмола, Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының мұражайлары қолдады. Акцияның мақсаты – мұражайларды насихаттау және оларға Республиканың барлық азаматтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
 


Вернуться назад


Аймақтың барлық жаңалықтары karaganda-region.kzсайтында

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -11°C , ылғал 38%, қысым 727, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 386.44
Euro 428.37
Рубль 6.06

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары